Программа семинара 18-20.04 каз

Өтетін күні: 18-20 сәуір 2024 ж.,

Өтетін орны: «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы,

Щучинск  қ.

          2024-2026 жылдардағы жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарымен іс-қимыл алгоритмін іске асыру мақсатында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы, ҚР Оқу-ағарту министірлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің қолдауымен балалар сауықтыру орталықтарының/лагерлерінің ұйымдастырушы-ұстаздарымен, тәлімгерлеріне арналған «Бағдар -Жаз 2024» атты республикалық семинар-практикум өткізіледі.

Семинар мақсаты: жазғы каникул уақытында ұйымдастырылатын демалыс лагерлерімен , мектеп жанындағы уақытша жазғы лагерь жұмысын жүйелеу, қауіпсіздігімен медициналық нормаларын қамтамасыз ету мақсатында құжаттар ретімен таныстыру.

Семинарға балалардың демалысын қауіпсіз өткізу мақсатында ТЖ департаментінің өкілдері, СЭС қызметінің өкілдері, ІІ департаментімен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысып лекциялар беріледі.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner