2022 жылдың 14-15 мамыр күндері Алматы қаласында, пауэрлифтинг, жатып көтеру және бітімге тарту спорт түрлері бойынша Азия Чемпионаты өтті. Чемпионатқа «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының спорт нұсқаушысы Советхан Арман Советханұлы қатысып, жатып көтеру спорты түрінен 67,5 келі салмақ категориясы бойынша I орын жүлдегері атанды. Сайысқа шат ел және Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан жалпы саны 380 спортшы қатысты. Айта кететін жайт, әріптесіміз 2021 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, осы спорт түрінен І орын алған болатын. 
Советхан Арман Советханұлы «Балдәурен» РОСО-дағы еңбек жолын ұйымдастырушы-ұстаз лауазымынан бастап, қазіргі таңда спорт нұсқаушысы лауазымында жұмыс істеп, жас қазақстандықтарды спортқа баулып жүр. Осындай жетістіктерімен жастарға үлгі болып жүрген әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтап, алар асуларыңыз көп болсын деп тілейміз! 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner