ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ 
«БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ» РМҚК


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2022

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жоспарына сәйкес жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында республика педагогтерінің тамыз конференциясы өткізіледі. 
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп 2022 жылдың 15 тамызында балалар орталықтары/лагерьлері педагогтерінің «Заманауи балалар орталықтарының тәрбие міндеттерін трансформациялау: жетістіктер, мәселелер, перспективалары» атты тамыз конференциясын өткізеді. 
Конференция бағдарламасында пленарлық отырыс, секция жұмыстары және тақырыптық пікірталастар қамтылған. Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда. 
Конференцияның мақсаты: Ұлттық құндылықтарды еңгізу және болашақтың кәсіби дағдыларын дамыту арқылы рухани-адамгершілік тәрбиенің тиімділігін арттыру. 
Мақсатты топ: Балалар демалысы мен сауықтыру мәселелеріне жетекшілік ететін жыл бойы балалар, қала сыртындағы сауықтыру орталықтарының, лагерьлердің өкілдері, білім басқармаларының, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің мамандары. 
Өткізу форматы: Offline / Online. 
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс. 
Спикерлер: ҚР АОМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының, Ресей Федерациясының «Артек» ХБО, «Океан» ББО, «Орленок» ББО, «Смена» ББО, Беларусь Республикасының «Зубренок» ҰБО, «Балдәурен» РОСО және оның филиалдарының, облыстық балалар орталықтарының/лагерьлерінің өкілдері.

Секциялар: 
- балалар орталықтары/лагерь басшыларының секциясы; 
-оқу/білім беру кешендерінің (мектептердің) басшылары мен директорларының орынбасарлары, ҒӘБ басшылары секциясы; 
- «Ұлттық мақсаттар мен стратегиялық міндеттерден жаратылыстану-математикалық білім берудің жаңа сапасына» атты жаратылыстану-математикалық цикл мұғалімдерінің секциясы; 
- «ҚГЦ пәндерінде білім сапасын арттырудың мәселелері мен перспективалары, сабақтардың тәрбиелік әлеуеті» атты қоғамдық-гуманитарлық цикл мұғалімдерінің секциясы; 
- «Ұлттық құндылықтарды жүзеге асыру арқылы қосымша білім берудің тәрбие қызметінің тиімділігін арттыру» атты қосымша білім беру педагогтерінің секциясы; 
- «Ұлттық рухани құндылықтар контексіндегі дене шынықтыру мен спорттың заманауи үрдістері» атты дене шынықтыру мұғалімдері мен спорт нұсқаушыларының секциясы; 
- «Балалар мен жасөспірімдердің қысқа мерзімге келу шеңберінде БСО-да жайлы психологиялық орта құру» атты балалар орталықтары/лагерьлер педагог-психологтарының секциясы; 
- «Балаларды сауықтыру орталығы балаларды рухани-адамгершілік дамыту және тәрбиелеу зертханасы ретінде» атты тәрбие кешендерінің директорлары, ұйымдастырушы-ұстаздар/тәлімгерлер, ауысым әдіскер-кураторларының секциясы.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner