Қазақстан Республикасы оқу-ағарту Министрлігінің жоспарына сәйкес жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында республика педагогтарының тамыз конференциясы өткізіледі.
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК ҚР оқу-ағарту Министрлігімен бірлесіп 2023 жылдың 28 тамызында балалар орталықтары/лагерьлері педагогтарының «Балаларды сауықтыру орталықтарының білім беру-тәрбие қызметін жаңғырту – болашаққа қадам» атты тамыз конференциясын өткізеді.
Конференция бағдарламасында пленарлық отырыс, секциялардағы жұмыс және тақырыптық пікірталастар қарастырылған. Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда.
Конференцияның мақсаты: Еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеу жөніндегі балалар сауықтыру орталықтарының білім беру-тәрбие әлеуетін дамыту перспективаларын талқылау үшін ашық кеңістік құру.
Мақсатты топ: Балалар демалысы мен сауықтыру мәселелеріне жетекшілік ететін жыл бойғы балалар, қала сыртындағы сауықтыру орталықтарының, лагерьлердің өкілдері, білім басқармаларының, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің мамандары.
Өткізу форматы: Offline / Online.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Спикерлер: ҚР АОМ орта білім беру комитетінің, ҚР АОМ Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің, Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Ресей Федерацияның «Океан» ББО, «Орленок» ББО, «Смена» ББО, Беларусь Республикасының «Зубренок»ҰБО, «Балдәурен» РОСО және оның филиалдарының өкілдері.