«Балдәурен» РОСО спорт жөніндегі нұсқаушысы, әріптесіміз Советхан Арман «Даланың қуаты» күштік спорт түрлері бойынша ашық Азия кубогына қатысып, жатып көтеру спорты түрінен қатысушылар арасында жүлделі І орынға ие болды. Спорттық жарыс Ұлттық пауэрлифтинг қауымдастығының ұйымдастыруымен өтті. (Қарағанды қаласы)
Қатысушылар: пауэрлифтинг, стритлифтинг, армлифтинг, армрестлинг, спорттық пышақпен күрес, жатып көтеру және тағы да басқа күштік спорт түрлерінен жарысты. 
Жарыстың мақсаттары мен міндеттері:
- мықты спортшыларды анықтау;
- «НАП» АҚ разрядтық нормативтерін орындау және беру;
- жаңа рекордтарды бекіту;
- жастар арасында бұқаралық және ойын-сауық ретінде күштік спорт түрлерін насихаттау;
- байсалды және темекі шекпейтін өмір салтын насихаттау.

Жарысқа қатысушылар: жарысқа қатысуға тиісті спорттық-техникалық дайындығы бар және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ еліміздің барлық өңірлерінен командалар мен жекелеген жалпы саны 700-ге жуық спортшы қатысты.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner