Анонс

«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен тәжірибе бірлігі»  республикалық семинар-практикум өткізеді.

Өткізу күні: 2025 жылғы 02-03 желтоқсан

Өткізу орны: «Балдәурен» РОСО, Ақмола облысы, Щучинск қ.

Семинар-практикумның мақсаты: «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында тұлғаның адамгершілік-патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың заманауи тәсілдерін талқылау, оны білім беру ұйымдарындағы тәрбиелік жұмыстың негізгі элементі ретінде қарастыру.

Семинарға қатысуға тәрбие жұмысына жетекшілік ететін білім бөлімдерінің мамандары, тәрбие жұмысы жөніндегі директорлардың орынбасарлары, сынып жетекшілері, ұйымдастырушы-педагогтар, тәлімгерлер, жыл бойы балалар лагерлері/орталықтарының қызметкерлері, жекеменшік мектептердің педагогтері шақырылды.

Өткізу форматы: офлайн

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner