Қонаев қаласындағы «Балдәурен»  Республикалық оқу-сауықтыру орталығында маусым айының 19-26 күндері аралығында «Жаңа ұрпақ» Республикалық көшбасшылық мектебінің жетекшілерінің ұйымдастыруымен семинар-коучингтер өтті. «Жаңа ұрпақ» мектебінің жетекшілері «Балдәурен» орталығының ұйымдастырушы-ұстаздарына және педагогтарына өткізген тренингтерінде өскелең ұрпақ бойындағы көшбасшылық қабілеттерді ашуға, ораторлық қасиеттерін оятуға, қоғамда өз орнын табуға көмектесу және  балаларды еркін сөйлеуге үйрету, патриоттық рухын дамытуды мақсат етті.

Тренингке «Балдәурен»  РОСО-ның 4 орталығының педагогтары мен ұйымдастырушы-ұстаздары, психологтары қатысты. Тренинг барысында педагогтардың ұжымдық жұмысын жетілдіру мақсатында практикалық жұмыстар, ситуациялық сұрақтар мен топтық тапсырмалар берілді. Тренинг жүргізушісі әйгілі педагог Шалва Александрович Амонашвилидің оқушысы, «Жаңа ұрпақ» Республикалық көшбасшылық мектебінің негізін қалаушы, гумандық педагогиканың мұғалімі Асхат Абжанов болды. Соңында семинар қатысушыларына семинарға қатысқандығын және сәтті аяқтағанын растайтын арнайы сертификаттар табысталды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner