«Атамекен – әкелер елі» туристік-өлкетану экспедициясы
2023 жылғы 9-ауысымның 
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(10.07 - 24.07.2023ж.)
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында шілде айының 10 мен 24 аралығында «Атамекен – әкелер елі» туристік-өлкетану экспедициясы 2023 жылғы 9-ауысымы өтеді. 
 
Ауысым қатысушылары: Туризм бойынша командалық жарыстардың жеңімпаздары, қатысушылары, туризм бойынша секциялардың, өлкетану үйірмелерінің қатысушылары.
Ауысымның мақсаты: Туристік және өлкетану іс-шаралары арқылы физикалық және рухани-адамгершілік денсаулығын нығайтуға ықпал ететін, тұлғаны дамытуға және үйлестіруге бағытталған балалардың белсенді демалысын ұйымдастыру.
 
Ауысым міндеттері: 
• Жаяу серуендеу кезінде қауіпсіздік техникасын үйрету, жеке және топтық құрал-жабдықтар туралы білімдерін қалыптастыру, іс-шараларға қатысу арқылы ауысымға қатысушылардың туризм, спорт және өлкетану қызметін жетілдіру;
• өмірлік тәуелсіздік, төзімділік, ерік-жігер, экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
• патриоттық құндылықтарға, әлеуметтік белсенділікке, азаматтыққа, қоғамдағы қарым-қатынас және өзін-өзі ұстау мәдениетіне, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
 
Ауысым бағдарламасында:
1.«Бәріміз бас қосқан күнқандай керемет!» отряд визиткасын қорғау кеші;
2.2023 жылдың 9-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
3.2023 жылдың 9-ауысымның ашылу салтанаты; 
4.«Жастар» педагогикалық тобының концерті;
5.«Шабыт» шығармашылық байқауы;
6.«Олимпия» СМ;
7.«Екі жұлдыз» байқауы;
8.«Дәлме-дәл» пародия  байқауы;
9.«Happy birthday» туған күн иелеріне арналған кеш;
10.«Разноцветное лето» асфальтқа сурет салу байқауы
11.«Балдәурен, мәңгі жүрегімде!» ұйымдастырушы-ұстаздармен қоштасу концерті
12.2023 жылдың 9-ауысымының салтанатты жабылуы.
 
2023 жылдың 9-ауысымының салтанатты ашылуы 12 шілде күні сағ.16.30-да.
2023 жылдың 9-ауысымының салтанатты жабылуы 23 шілде күні сағ.16.30-да.
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен», РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru
 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner