«Біздің күшіміз достықта»
Халықаралық кездесу» атты 2022 жылғы, 9-ауысымның 
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(21.07-04.08.2022ж.)
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 21 шілде және 04 тамыз аралығында «Біздің күшіміз достықта» халықаралық кездесу» атты 9-ауысымын өткізеді.
 
Ауысым қатысушылары: Жақын және алыс шет елдердегі қазақ диаспорларының өкілдері.
 
Ауысымның мақсаты: Ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы мен дамуына және қазақ халқының мәдени бастауларына деген тұрақты қызығушылықтың қалыптасуына ықпал ету.
 
Ауысым міндеттері:
• қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін, тілін, мәдениетін тануға мүмкіндік беру;
• ақыл-ой мен мәдениеттің жоғары деңгейі бар тұлғаны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ауысымның әрбір қатысушысына зияткерлік және шығармашылық қабілеттері бойынша Өзін-өзі жүзеге асыруға мүмкіндік беру;
• ауысымға қатысушыларда қазақ халқының рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
 
Ауысым бағдарламасында:
1. «UNION» отряд визиткасын қорғау кеші;
2. 2022 жылдың 9 ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
3. 2022 жылдың 9 ауысымның ашылу салтанаты; 
4. «Жастар» педагогикалық тобының концерті;
5. «Балдәурен» арман аралы!» бекет бойынша ойын;
6. «Dream high» шығармашылық байқауы;
7. «Вместе мы команда» ойын технологиялары;
8. «Балдәурен көп- ұлтты» ойыны;
9. «Бір шаңырақ астында» қазақ әндер байқауы;
10. «Олимпия» СМ;
11. «Екі жұлдыз» шоу кеші;
12. «Ең бақытты күн!» туған күн иелеріне арналған кеш;
13. «Балдәурен елінің құрылтайы» танымдық-қызықты кеш;
14. «Кездескенше, Балдәурен!» бекет бойынша ойын;
15. 9 ауысымның салтанатты жабылу кеші;
16. 17.30  «Балдәурен FOREVER» балалар шығармашылық концерті.
 
2022 жылдың 9 ауысымының салтанатты ашылуы 23 шілде күні сағ.16.30-да.
2022 жылдың 9 ауысымының салтанатты жабылуы 03 тамыз күні сағ.16.30-да.
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен», РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru
 
 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner