«Ойлан! Қимылда! Іске асыр!» республикалық балалар медиафорумы» атты 2022 жылғы, 8-ауысымның 
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(03-17.07.2022ж.)
 
ҚР БҒМ бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 3 және 17 шілде аралығында «Ойлан! Қимылда! Іске асыр!» республикалық балалар медиафорумы» атты 8-ауысымын өткізеді.
 
Ауысым қатысушылары: Мектеп баспасөз орталықтарының, редакция мүшелерінің, радио және телестудиялардың көшбасшылары мен белсенділері, мектеп сайттарын жасаушылар.
Ауысымның мақсаты: ауысымға қатысушылар арасында балалар ақпарат орталығын құру, дарынды және мақсатты балаларды тарту.
Ауысым міндеттері:
• балалардың белгілі бір мәселе бойынша өз пікірлерін айтуға, берілген тақырып бойынша ойлауға деген ұмтылысын дамыту;
• балалардың өзін-өзі тануға, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге деген ұмтылысын жандандыру;
• ауысымға қатысушыларды ұжымдық, шығармашылық жұмыс арқылы қоғамдық пайдалы қызметке тарту.
Ауысым бағдарламасында:
1. «Балдәурен FM толқынында» отряд визиткасын қорғау кеші;
2. 2022 жылдың 8-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
3. 2022 жылдың 8-ауысымның ашылу салтанаты және «Жастар» педагогикалық тобының концерті;
4. «Жас дарындар» шығармашылық байқауы;
5. «Табысты бол» тимбилдинг;
6. «Маска-Шоу» кеші;
7. Дөңгелек үстел барысында 8 ауысым қонақтарымен кездесу кеші;
8. «Олимпия» СМ;
9. «Туған күн-балалар мерекесі» туған күн иелеріне арналған кеш;
10. «Балалық шақ» қабырға газет байқауы;
11. «Дәлме-дәл» байкауы;
12. «Бір толқында» квест-ойыны;
13. «Baldauren -TV» үздік репортаж байқауы;
14. Ауысымның жабылу салтанаты және гала- концерт.
 
2022 жылдың 8 ауысымының салтанатты ашылуы 05 шілде күні сағ.16.30-да.
2022 жылдың 8 ауысымының салтанатты жабылуы 16 шілде күні сағ.16.30-да.
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен», РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru
 
 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner