
«KAZAKHSTAN DancFest» би ұжымдарының шоуы» атты 2022 жылғы, 7-ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(15–29.06 2022 ж.)
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 15 және 29 маусым аралығында «KAZAKHSTAN DancFest» би ұжымдарының шоуы» атты 7-ауысымын өткізеді.
Ауысым қатысушылары: Халықаралық, республикалық, облыстык, аудандық, мектеп байқаулары мен фестивальдерінің қатысушылары,дипломанттар, шығармашылық ұжымдар.
Ауысымның мақсаты: дарынды балаларды анықтау және қолдау, би өнері арқылы қатысушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру.
Ауысым міндеттері:
• балалардың шығармашылық қабілеттерін тәжірбие жүзінде іске асыруға жағдай жасау;
• балалардың эстетикалық тәрбие беру, шығармашылықты насихаттау;
• байқауға қатысушылардың кәсіби мақсаттарын одан әрі дамытуға және айқындауға ынталандыру, қатысушылардың кәсіби деңгейін арттыру;
• балалардың ой-өрісін кеңейту;
• әр түрлі өнер түрлерінде жаңа идеялар мен эксперименттік технологияларды іздеу.
Ауысым бағдарламасында:
1. «Сәлем, жұлдызды «Балдәурен»!» отряд визиткасын қорғау кеші;
2. 2022 жылдың 7 ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
3. 2022 жылдың 7 ауысымының салтанатты түрде ашылуы мен жабылуы;
4. «Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші;
5. «Сәлем, Балдәурен!» станция бойынша ойын;
6. «Добейся успеха» тимбилдингі;
7. «Таланттардың жұлдызды сәті» шығармашылық байқауы;
8. «KAZAKHSTAN DancFest» би батлы;
9. «Сюрприз-шоу» туған күн иелеріне арналған концерт;
10. «The road to the future» тренинг сағаты;
11. «Бақытты балалық шақ!» ойыны;
12. «Олимпия» СМ;
13. «Бірліктің жұлдызы жарқыра!» гала- концерт.
2022 жылдың 7 ауысымының салтанатты ашылуы 17 маусым күні сағ.16.30-да
2022 жылдың 7 ауысымының салтанатты жабылуы 28 маусым күні сағ.16.30-да
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен», РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)
Е-mail: baldauren@mail.ru