Қазақ жеріне Алланың берген үлкен сыйы, еліміздің інжу-маржаны, екінші Швейцария саналатын Бурабай өлкесінде балалардың денсаулығын ғана нығайтып қоймай, оқу үлгерімін де көтеріп, шығармашылық қабілетін жетілдіретін Қазақстанның түкпір-түкпірінен мәңгілікке адал әрі ажырамас дос табатын «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы жазғы демалыс ауысымын «BLOG FEST» офлайн марафонымен және «Baldauren - ART-START» шығармашылық порталымен бастады. Жазғы ауысымның салтанатты ашылуына «Балдәурен» РОСО-ның бас директоры Алибаев Сержан Төлеметұлы қатысып, 2023 жылдың жазғы ауысымының алғашқы  демалушыларына керемет, қайталанбас демалыс пен жүректен шыққан ақжарма тілегін білдірді. Биылғы 2023 жылы «Балдәурен» РОСО-ның бас орталығында «BLOG FEST» офлайн марафон, «Baldauren - ART-START» шығармашылық портал«KAZAKHSTAN DanceFest», «Атамекен - әкелер елі» туристік-өлкетану экспедициясы, «Men - Qazaqpyn» халықаралық құрылтайы, «Біз біргеміз Қазақстан» Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысушы балалардың республикалық кездесуі, «Табыс векторы» оқушылардың республикалық спартакиадасы атты жазғы 5 ауысымнан тұрады.
            «Балдәурен» РОСО-да демалушы балдырғандарымыз тек сауықтыру шаралары мен денсаулығын нығайтып қоймай, шығармашылықпен айналысады. Балалар өздерінің қалауы бойынша сурет салу, кәсіби түрде фотосуретке түсіру мен бейнемонтаж жасауды үйреніп меңгереді. Балалар үшін орталықта алуан түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Сонымен қатар, балаларға спорттық ойындар, тақырыптық мерекелік кештер, шығармашылық байқаулар, саяхаттар ұйымдастырылған. Балалар үшін тәулік бойы медициналық кешен қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, «Балдәурен» РОСО-ның жазғы демалыс ауысымына Батыс Қазақстан облысындағы Жаһанша Досмұхамедова атындағы Жоғары педагогикалық колледжі, Абай облысындағы 120 жуық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Солтүстік Қазақстан облысындағы Мағжан Жұмабаев атындағы педагогикалық колледжінің студенттері педагогикалық іс-тәжірибеден өтуге келді. Студенттер өздерін тек жақсы қырынан көрсетіп, белсенділік танытып жатыр.
              Айта кететін тағы бір жайт, «Балдәурен» РОСО-ның ішкі тыныс-тіршілігі мен балалардың тілін тауып еркін араласып кетті. Балалар өз қызығушылықтарына қарай ауысым тақырыбына сай орталықта демала алады. Жаз бойы мемлекеттік квотамен еліміздің ертеңі - тәтті 5000 балдырғандарымыз тегін демала алатынын да ескертіп айтуды жөн көрдік.

"Балдәурен" РОСО
ұйыдастырушы-ұстазы
Қазбек Назерке

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner