Қазақстандық жас патриоттар Академиясы күні аясында мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толуына арналған «ҚР Мемлекеттік рәміздері қазақстандық патриотизмді қалыптастыру факторы ретінде» атты онлайн-конференциясының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

        2016 жылы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМҚК-да қазақстандық жас патриоттар Академиясы құрылды. «Академия күні» жыл сайын 22 ақпанда дәстүрлі өтеді, биыл мемлекеттік рәміздерді қабылдаудың 30 жылдығына арналған «ҚР Мемлекеттік рәміздері қазақстандық патриотизмді қалыптастыру факторы ретінде» тақырыбында онлайн-конференция форматында өтеді.

Онлайн-конференцияның мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін егемендік пен мемлекеттіліктің ажырамас атрибуттары ретінде құрметтейтін және бағалайтын қазақстандық патриот бейнесін және мемлекеттік рәміздерді дәріптейтін қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. 

Онлайн-конференция жұмысына қатысуға «Балдәурен» РОСО-ның 4 орталығының өкілдері шақырылады: қазақстандық жас патриоттар Академиясының мүшелері, 2022 жылғы 2-ауысымның қатысушылары-көшбасшылар, патриоттар, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының өкілдері, мектеп белсенділері, өзін-өзі басқару органдарының қатысушылары, әдіскерлер, ауысым жетекшілері, педагог қызметкерлер, қонақтар.

Онлайн-конференция жұмысының бағыттары:
- білім беру және тәрбие практикасындағы, сондай-ақ қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы мемлекеттік рәміздердің рөлі;
- мемлекеттік рәміздерді есте сақтаудағы тарихи -мәдени  маңызы;
- ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттайтын жаңа форматтағы іс-шаралар;
- мектептердің өзін-өзі басқару органының жұмысында мемлекеттік рәміздерге басымдық беру.

Онлайн-конференция бағдарламасында:
- қонақтардан онлайн-конференцияға қатысушыларға сәлем; 
- қазақстандық жас патриоттар Академиясының мүшелері-балалардың, белсенділердің, «Балдәурен» РОСО-ның 2-ауысымына қатысушы көшбасшылардың сөз сөйлеуі;
- орталықтардың педагог қызметкерлерінің таңдаған бағытындағы жұмыстың презентациясы;
- «Балдәурен» РОСО-ның 2-ауысымына қатысушы балалардан құттықтау;
- еркін микрофон.

Онлайн-конференцияға қатысушыларды қосу–22.02.2022 ж., сағат 09.50
Онлайн-конференцияның басталуы–22.02.2022 ж., сағат 10.00

Біздің мекен-жайымыз: 021700, «Балдәурен», РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
телефон/факс 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru
Сайт: www.baldauren.kz


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner