Балаларымыздың асыға күткен жаз мезгілі мерекемен қатар кіріп келді. Жаз – балалар үшін сауық-сайран мен жайбарақаттық кезең. Жаз дегенде баршамыздың көз алдымызға демалыс уақыты елестейтіні сөзсіз. Оқу кезеңін аяқтап, демалысқа асыққан балаларымыздың жазғы демалысы мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру өте маңызды.
2022 жылдың 1 маусымында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында жазғы маусымның және ағымдағы жылдың «Сахна сыртындағы жазғы демалыс» театр фестивалі» атты 6 ауысымының ашылу салтанаты өтті. Орталығымызда бір күнде үш мереке аталып өтілді. Осы мереке күні  балалардың жүздерінде күлкі ұялап, қуаныш сезімдері ерекше сезілді. Жазғы маусымның және ағымдағы ауысымның шымылдығын «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының бас директоры Алибаев Сержан Төлеметұлы ашып, балалар мен қызметкерлерді құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мерекелік іс-шара «Әрқашан күн сөнбесін!» атты ауысым қатысушыларына арналған концерттік бағдарламада өз жалғасын тапты. Кеш барысында «Жастар» педагогикалық тобы өнер көрсетіп, Салыковтар отбасы кешіміздің құрметті қонағы болды. 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner