2022 жылдың 10 маусымында "Балдәуренде" осы жылдың «Сахна сыртындағы жазғы демалыс» театры фестивалі» атты бірінші жазғы ауысымының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Жабылу салтанатында ауысымға қатысушылар әр түрлі оқиғалар мен іс-шаралардың үзінділерін еске алып, әрбір келесі күн алдыңғыға ұқсамайтынын және жаңа әсерлермен, қызықты адамдармен қарым-қатынас пен кездесулерге толы болып өткендігін көрсетті. Әр бала үшін орталық жаңа мүмкіндіктер сыйлады: біреу жаңа достар тапты, біреу жаңа шығармашылық қабілеттерін ашты, ал біреу жеңіле білуді үйренді.
Іс-шара барысында орталықтың бірлескен басқару органының балаларын ауысымға белсенді қатысқаны және көрсеткен көмегі үшін грамоталармен марапаттаумен жалғасты. Бас директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Ж.К. Әмірғалиев ауысымның аяқталуымен құттықтап, жақсылық жасауды, өз іс-әрекеттерімен әлемді безендіруді тіледі. «Балдәуренде» өткен күндер ауысым қатысушыларының есінде ұзақ сақталады және ұмытылмас әсерлерге, пайдалы істерге және жағымды естеліктерге толы болады деп үміттенеміз.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner