Биылғы жылда балалардың жазғы демалысы өзекті тақырыпқа айналды. Бүкіләлемдік пандемия құрсауынан шыққан балалар мен ата-аналар жазғы демалысты асыға күтіп, тиянақты жоспарлағаны да бізге аян.
        «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы жыл бойы демалыссыз жұмыс жасайтынына қарамастан, жаз мезіліндегі ауысымдар ерекшеленеді. 15 күндік ауысымдарда балалар үшін демалыспен қатар, сауықтыру және спорттық шаралар маңызды орынға ие. Қазіргі уақытта жазғы ауысымдар жалғасуда. Әр ауысымда Қазақстанның және шет елдерден келген балдырғандарға барынша қолайлы жағдай жасап, демалыстарын пайдалы өткізуге бағытталған жұмыстар жүргізіп жатырмыз.
Дегенмен де, қызыққа толы жазғы демалыс уақыты жылдам өтіп, өз мәресіне таяп келеді.  Маусым және шілде айларында «Балдәурен» РОСО орталықтарының әр қайсысында 4 тақырыптық ауысымнан өтіп, әр ауысым тақырыбына сай мынадай айшықты іс-шаралар өтті: 
1. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру аясында 12-14 маусым күндері Ақмола облысы, Щучинск қаласы, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында «Оқуға құштар мектеп жобасы – заман талабы» атты семинар өтті.

2. 2022 жылды  «Балалар жылы» деп жарияланып,  Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес  «ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ» атты көркем еңбек пәні мен суретші-педагогтардың Халықаралық симпозиумы өтті. Халықаралық симпозиум қатысушылары екі күн бойы көрме жұмысына, плэнерге, шебер-сыныптарға қатысып, өздерінің таланттарын паш етті, алдыңғы буыннан үздік тәжірибелер жинақтап, өз жұмыстарында қолдана білуді үйренді. Еліміздің көркем еңбек пәні мен суретші-педагогтері, жоғарғы оқу орындары мамандары, Қырғыстан Республикасынан келген шебер педагогтер бір мақсатқа жұмыс жасап,  өнер жолындағы мамандардан өздеріне қажетті бағыттар мен кеңестер алды;

3. Заманауи кітапхана мәселелерін шешудің жолдарын білім беру саласының сарапшылары, әдістемелік бөлімдер мен баспалардың басшылары: Елдос Нұрланов, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім беру мазмұнын талдау орталығының директоры, Петр Лапо, «Назарбаев Университет» кітапханасының бас сарапшысы , Әсима Рысқұлбекова, «Алматыкітап» баспасын цифрландыру бөлімінің басшысы және т. б. ұсынды;
4.«Балдәурен» РОСО-да жас геологтардың VI Қазақстандық ашық далалық олимпиадасы өтті. Олимпиядаға Қазақтанның барлық аймақтарынан және Ресей, Беларусия, Өзбекстан елдерінен 7-11 сынып оқушылары  келді. Сонымен қатар, алдыңғы орындарға ие болған қатысушыларға Қ. И Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетіне 3 грант, Қазақстан-Британ техникалық университетіне 1 грант табыс етілді;

5. Халықаралық достық Күні аясында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Достық көпірі» атты халықаралық онлайн-кездесуге қатысты. Онлайн-кездесу: Беларусь, Ресей, Қазақстан, Болгария, Қытай, Малайзия, Ливан және Молдавиялық жасөспірімдер мен балалардың басын қосты. кездесуге қатысушылар балаларға арналған лагерьлер мен орталықтарда таба алған достары мен достық хикаялары жайлы айтып берді. Кездесу қатысушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, балалар арасындағы халықаралық достықты нығайта түсті.

         Сонымен қатар, Орталықта өтетін әр ауысым белгілі тақырып аясында өтіп, ауысым тақырыбына сай қызығушылықтары бір балалар мен жасөспірімдерді бір ортаға жинайды. Әр ауысым тақырыбына байланысты сол саланың жетекші мамандары мен кәсіби шеберлерін Орталыққа қонақ ретінде шақырып, балаларға кездесулер мен пайдалы шеберлік сыныптары өтеді. Жазғы маусымның 2 ай аралығында өткен ауысымдарында да балалар мен жасөспірімдер үшін бірқатар кештер мен шеберлік сыныптары, кездесулер өтті. 4 ауысым ішінде Орталығымызда мынандай тұлғалар кездесулер өткізді:
1. 2022 жыл 3 маусым күні «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы арнайы келіп, балалармен кездесу өткізді. Кездесу аясында демалушы балалар көкейлерінде жүрген сауалдары мен тілектерін білдірді. Сұхбат барысында ҚР Президенті жариялаған «Балалар жылы» аясында бастау алған жобалар, балалардың сапалы жоғары білім алуы, жас спортшыларды қолдау сынды өзекті тақырыптар аясында да талқылау сұрақтары қойылды.

2. «Балалар жылы» аясында Орталыққа ҚР Парламентінің Сенат депутаты Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули және Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Гамазов Валерий Георгиевич жұмыс сапарымен келіп, балалармен және ұйымдастырушы-ұстаздармен кездесті;

3. Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай орталығымызда Дастан Оразбеков қонақта болды. Дастан Дәрібайұлы Оразбеков — «Орда» тобының беделді әншісі, биші, актёр. Жұлдызды қонақ 2022 жылдың 2 маусымында арнайы келіп, балалармен сұхбаттасып, өмірі мен өнері жайлы ақпараттармен бөлісті;

4. «Ойлан! Қимылда! Іске асыр!» республикалық балалар медиафорумы» атты 2022 жылғы, 8-ауысымның тақырыбына сай Орталығымызда «Хабар» АҚ аймақтық тілшілер желісі департаментінің директоры Бағдат Бектұрғанқызы, «Хабар» арнасы қорытынды жаңалықтардың шығарушы редакторы Ақбөпе Бәкір және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Әуесбай Қанатпен дөңгелек үстел өтті. 
Дөңгелек үстел барысында балдәурендіктер қонақтарымызға сұрақтар қойып, пайдалы ақпараттар алды. Кереметтей кеш: «Тілші болудың қыр-сыры қандай?» ,«Заманауи тележурналист брэнді» және «Тележүргізушілік құпиялары» атты шеберлік сыныптарында жалғасын тапты.

Жалпы Орталықтар арасындағы есеп бойынша балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы жоспарланғандай жоғары дәрежеде өтіп, келесі ауысымдар жалғасын табуда. Қазіргі уақыттағы санақ бойынша «Балдәурен» РОСО-да маусым және шілде айларында 5000-нан астам бала мен жасөспірім демалыспен, сауықтырумен қамтылды. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш арта бермек.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner