«Қош келдің, Әз Наурыз!» балалар шығарашылығы фестивалі атты
2023 жылдың 4-ауысымының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(19.03 - 07.04.2023 ж.)
  
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 19 наурыз бен 7 сәуір аралығында «Қош келдің, Әз Наурыз!» балалар шығарашылығы фестивалі атты 4-ауысымын өткізеді.
 
Ауысым қатысушылары: Ауыл мектептерінің балалары, этномәдени клубтардың қатысушылары, балалар шығармашылығы байқауларының жеңімпаздары, халық әндерін орындаушылар, жас ақындар, ұлттық аспаптардың шығармашылық ұжымдары.
Ауысымның мақсаты: балалардың түрлі ұлттардың шығармашылығы мен мәдени мұрасына деген қызығушылықтарын қалыптастыру, салт-дәстүрлерді зерртеу арқылы танымдық белсенділігін арттыру, өз еліне деген мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу.
Ауысым міндеттері: 
• Баланың шығармашылық көркеи ой деігейін көтеру, жеке тұлға ретінде дамуына әсер ету;
• Мәнерлеп оқу өнері мен поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ауысымға қатысушының шығармашылық-танымдық үрдісіне қатыстыру арқылы өскелең ұрпақтың дамуына деген оқу-тәрбие ортасын құру;
• Балалардың түрлі ұлттардың рухани мұрасына деген сыйластықты, өз еліне деген махаббат пен патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
 
Ауысым бағдарламасында:
1. 2023 жылдың 4-ауысымының президентінің үміткерлермен танысу;
2. «Достық мекені!» отряд визиткасын қорғау кеші;
3. 2023 жылдың 4-ауысымының салтанатты ашылуы және жабылу рәсімі; 
4. «Шабыт» шығармашылық байқауы;
5. «Құлпырған гүл – көктем!» мерекелік концерт;
6. «Zhastar Vibe» ұйымдастырушы-ұстаздармен танысу кеші;
7. «Шақырады көктем» қабырға газеті байқауы;
8. «Бизнес - сити» экономикалық ойыны;
9. «Қазақ ертегілері» бекет бойынша қойылымдар;
10. «Тапқыр достар» зияткерлік ойыны;
11. «Be Happy!» туған күн иелерін құттықтау кеші;     
12. «Екі жұлдыз» байқауы;
13. «Олимпия» СМ;
14. «Мен, Сен, Бәріміз!» гала-концерт.
 
 
 
2023 жылдың 4-ауысымының салтанатты ашылуы 22 наурыз күні сағ.12.00-де
   2023 жылдың 4-ауысымының салтанатты жабылуы 5 сәуір күні сағ.16.30-да
 
 
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru
 
 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner