17-сәуір «Балдәурен» РОСО-да «ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған «Көзқарас» республикалық дебат турнирі» атты 4-ауысымның салтанатты жабылу рәсімі өтті. Қошатасар сәттегі қимастық пен бақытты естеліктер бойды баурайтындықтан, жабылу салтанаты балалар үшін ауысымдағы ең маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады. Бұл ауысым республикалық, облыстық, аудандық дебат турнирлерінің жеңімпаздары мен мектеп дебат клубтарының қатысушыларының басын қосты.

Аусым аясында «Стартинейджер» би байқауы, «Интуиция» интелектуалды ойыны, «Намыс - дода» спорттық-сауықтыру танымдық ойыны және тағы да басқа топ ішіндегі іс-шаралар, концерттер мен кештер, қызықты ойындар өтіп, қызығушылық үйірмелері ұйымдастырылды. Салтанатты жабылу кеші барысында «Балдәурен» РОСО басшылығы ауысым белсенділерін құттықтап, сыйлықтар мен мадақтамалар табыс етті. Керемет кештің шымылдығы гала-концертпен жабылды.


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner