«Балдәурен» РОСО-ның  6 ауысымы 4.05-23.05.2023 жыл «Жаңа Қазақстанның өркендеуі үшін!» әскери- патриоттық клубтар мен бірлестіктердің республикалық слеті деп аталды. Ауысым қатысушыларына  білім кешені мұғалімдері  сабақ барысында қазақ тілін де, орыс тілін де жақсы білетін балаларды тәрбиелеу жөнінде 2023 жылға арналған кешенді шаралар жоспарын (Жол картасын)  жүзеге асыру мақсатында «Білгенге маржан!» тақырыбында қазақ, орыс, ағылшын тілдері мен әдебиеттері, тарих сабақтарында  мұғалімдер тілдің маңыздылығы туралы балаларға қосымша ақпараттар берді. Тілдің қадір-қасиетін арттырып, өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеуді насихаттайтын ұрпақты тәрбиелеу. Тіл – ең керемет қатынас құралы. Әлемдегі ең көп таралған тіл – ағылшын тілі. Себебі оның таралу және қолдану аймағы кең. Ал ең сұлу тіл деп француз тілін атайды. Дегенмен осы қатарға өзіміздің қазақ тілін де қосуға болады. Күннен күнге мемлекеттік тілдің мәртебесі  артып, қолданыс аясы кеңейіп келеді. Бүгінде  орталығымызға  Қазақстанның әр түпкір-түпкірінен  балалар келіп демалады, оқуларын осында жалғастырады. Демек, қазіргі ұрпақтың бойыннан қазақ тілі – татулығымыздың тірегіне айналғаны рас екендігін көруге болады. Еліміздің болашағы – саналы да жасампаз жастар қолында екенін ұмытпайық.


«Балдәурен» РОСО
 Білім кешені директорының орынбасары
Сейсен Б.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner