«Шабыт салтанаты» шығармашылық гильдия» атты 
2023 жылғы 3-ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
  (24.02-15.03.2023 ж.)
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 24 ақпан мен 15 наурыз аралығында «Шабыт салтанаты» шығармашылық гильдия» атты 3-ауысымын өткізеді.
 
Ауысым қатысушылары: жас суретшілер, дизайнерлер, сәнгерлер, фотографтар, қолданбалы өнер бойынша халықаралық, республикалық және облыстық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегерлері.
Ауысымның мақсаты: ауысымның қатысушыларына мәдени-рухани даму мүмкіндіктерін, шығармашылық қызметтің әртүрлі түрлері мен формаларында, байқауларда олардың даралығының қалыптасуын  қамтамасыз ету.
Ауысым міндеттері:
• ауысымға қатысушылардың физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік дамуына жағдай жасау;
• ауысымға қатысушылардың әлеуметтік тәжірибесін достық, жолдастық қарым-қатынас және уақытша бірлестіктегі шығармашылық өзара әрекеттесу дағдыларымен байыту;
• салауатты өмір салтына саналы ұмтылысты дамытуға ықпал ететін педагогикалық білім беру ортасын құру.
 
Ауысым бағдарламасында:
1. 2023 жылдың 3-ауысымының президентінің үміткерлермен танысу;
2. «Шабыттанайық достармен!» отряд визиткасын қорғау кеші;
3. Салтанатты сап;
4. 2023 жылдың 3-ауысымының салтанатты ашылуы және жабылу рәсімі; 
5. «Zhastar Theatre» шоуы;
6. «Басқатырғыш Калейдоскоп» квест ойыны;
7. TEDx форматта ой қозғау;
8. «Олимпия» СМ;
9. «Талапкер» спорттық-зияткерлік жарыс;
10. «Үздік жас суретші» байқауы;
11. «Х – 0» ойын-сауық шоуы;
12. «Балдәурен аруы-2023»;
13. «Короли фанеры» байқауы;
14. «Road to Records!» спорттық ойын-сауық шоу.
 
 
2023 жылдың 3-ауысымының салтанатты ашылуы 27 ақпан күні сағ.16.30-да
   2023 жылдың 3-ауысымының салтанатты жабылуы 13 наурыз күні сағ.16.30-да
 
 
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru
 
 
 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner