«Ұлы даланың мәдени мұрасы» атты ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына арналған шығармашылық клондайк» атты 2022 жылғы, 3-ауысымның 
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(09.03-28.03.2022ж.)
 
ҚР БҒМ бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 9-28 наурыз аралығында «Ұлы даланың мәдени мұрасы» атты ТМД халық шығармашылығы және мәдени мұрасы жылына арналған шығармашылық клондайк» атты 3-ауысымын өткізеді.
 
Ауысым қатысушылары: Этномәдени клубтардың, үйірмелердің, студиялардың қатысушылары, балалар шығармашылығы байқауларының жеңімпаздары, халық әндерін орындаушылар, халық аспаптарының шығармашылық ұжымдары.
 
Ауысымның мақсаты: жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық сезімдерін, эмоционалдық мәдениетін дамыту арқылы ТМД елдері мен Қазақстанның халық шығармашылығы мен мәдени мұрасына тұрақты қызығушылық пен азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
 
Ауысым міндеттері:
• ауысымға қатысушыларды өз халқының мәдени-тарихи мұрасына тарту; 
• халықтық-қолданбалы өнер құралдары арқылы қоршаған шындыққа эстетикалық қатынасты қалыптастыру;
• балалар мен жасөспірімдерде бейбітшілікті сүюге, басқа адамдарды қабылдауға және түсінуге, олармен оң қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелейтін толерантты орта құру; 
• жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Ауысым бағдарламасында:
1. «Балалық шақ мекені -Балдәурен» топ визиткаларын қорғау кеші; 
2. 3-ауысымның президентіне үміткерлермен танысу;
3. 2022 жылдың 3-ші ауысымының салтанатты ашылуы және жабылу рәсімі; 
4. «Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші;
5. «Қазақстан – менің Отаным!» дөңгелек үстел;
6. «Constellation of Talents» шығармашылық байқауы;
7. «Мен жырлаймын, туған жерді әніммен!» халық әндері байқауы;
8. «Ұлы даланың мәдени мұрасы» әдеби- сазды кеш;
9. «Олимпия» СМ;
10. «Саған сыйлар сыйлығым...!» туған күн иелеріне арналған кеш;
11. «Қош келдің, әз-Наурыз!» ұлттық  ойындары;
12. «Достық шоғы» ұлттық би байқауы;
13. «Фантазия әлемі» үздік ұлттық костюмдердің дефиле – байқауы;
14. «Мұра» сурет байқауы;
15. «Интеллект» зияткерлік ойыны;
16. «Достық шоғы» ұлттық би байқауы;
17. «Балдәурен мәңгі жүрегімде» гала-концерт.
 
2022 жылдың 3 ауысымының салтанатты ашылуы 12 наурыз күні сағ.16.30-да
2022 жылдың 3 ауысымының салтанатты жабылуы 26 наурыз күні сағ.16.30-де
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен», РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru
 
 
 
 
 
 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner