«PRO.INFOBaldauren-2021» мектеп БАҚ медиафорумы/
«Жаса, жайна, Тәуелсіз Қазақстан» ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстанның жас патриоттары мен көшбасшыларының жиыны» атты 2021-жылғы, 15 ауысымының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ (9.11-28.11.2021ж.)
 
ҚР БҒМ 2021 жылға бекіткен жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық   оқу – сауықтыру орталығы 9-ші мен 28-ші қарашаға аралығында «PRO.INFOBaldauren-2021» мектеп БАҚ медиафорумы»/ «Жаса, жайна, Тәуелсіз Қазақстан» ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстанның жас патриоттары мен көшбасшыларының жиыны» атты 15-ауысымын өткізеді.
Ауысым қатысушылары: оқу және қоғамдық жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, мектептің баспасөз орталықтарының, редколлегиялардың, радио және телестудиялардың көшбасшылары мен белсенділері, мектеп сайттарын құрушылар болып табылатын 8-9 сынып оқушылары, жас фотографтар, блогерлер, вайнерлер/ патриоттық іс-шараларға қатысушылар, батыр-балалар, балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің, ұйымдарының, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенділері, көшбасшылары.
Ауысымның мақсаты: 
1.Тәуелсіздік, Тұрақтылық, бейбітшілік және келісім сияқты базалық құндылықтарды қалыптастыру арқылы азаматтық сана-сезімді, қазақстандық патриотизмді ауысымға қатысушылардың бойында тәрбиелеу.
2. Ауысымның өзекті ақпараттық кеңістігін құруға қатысу арқылы жасөспірімдердің жеке өсуін қамтамасыз ету және шығармашылық әлеуетін дамыту.
 Міндеттері: 
- ауысымға қатысушылардың Қазақстан Республикасының даму және қалыптасу тарихына деген танымдық қызығушылығын дамыту; 
- жеке тұлғаның қабілеттеріне, қоғамдық және жеке мүдделеріне сәйкес өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау;
- патриоттық сезімге тәрбиелеу, өз елінің рәміздерін құрметтеу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
 
Ауысым бағдарламасында:
1. «Together to the future!» отряд визиткасын қорғау кеші;
2. 2021 жылғы 15 ауысымның ашылу және жабылу салтанатты рәсімдері;
3. «Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші;
4. «Тәуелсіз Қазақстаным!» қабырға газетінің көрмесі;
5. «Ең үздік отряд бөлмесі» байқауы;
6. «Дарындар жәрмеңкесі» шығармашылық байқауы;
7. «Джуманджи» спорттық-ойын-сауық ойыны;
8. «Ойлан-time» интеллектуалды ойыны;
9. Қазақтың ұлттық ойындары;
10. «Voice-over» дыбыстау кеші;
11. СП «Олимпия»;
12. «Елімнің үні» дыбыстық оркестр байқауы;
13. «Туған Күніңмен!» туған күн кештеріне арналған концерт;
14. «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған танымдық кеш; 
15. Қорытынды гала-концерт.
 
2021 жылдың 15 ауысымының салтанатты ашылуы 12 қараша күні сағ.16.30-да 
2021 жылдың 15 ауысымының салтанатты жабылуы 26 қараша күні сағ.16.30-де
 
Біздің мекен-жай: 021700, РМҚК «РОСО «Балдәурен», Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)
e-mail: baldauren@mail.ru 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner