«Жастар»  педагогикалық тобы деген кімдер? Балалар бақыт ордасына айналған «Балдәурен» арман аралының – жүрегі. Ұйымдастырушы-ұстаз – жол көрсетуші, көшбасшы. «Жастар» тобы ол белгілі бір мамандық иелері емес, олар жан-тәнімен ұстаздық жолға келген,  балалармен жұмыс істеуде жан аямайтын ерекше бақытты адамдар. Сонымен қатар, ұйымдастырушы-ұстаз – баланың адам болып қалыптасуына әсер ететін тұлға. Ұйымдастырушы-ұстаздың табысты жұмысы, әрине, жасына сай жеке ерекшеліктеріне, жұмыс өтіліне, адами құндылықтарына, педагогикалық технологияларды меңгеру деңгейі мен жеке қасиеттеріне байланысты. 
«Балдәурен» деген сөзді естіген әрбір бала, сөзсіз «Жастар» тобын көзіне елестетеді. «Балдәурен» - балалар арман аралы болса, балалар – арман аралының тынысы  «Жастар» тобы  «Балдәуреннің» жүрегі іспетті. Барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. «Жастар» тобы  күн демей, түн демей бар уақытын балаларға арнайды. Олардың өмірі, қызығушылығы, отбасы, шабыты мен шаттығы – балалар. Ұйқысыз өткен талай түндер мен күндерге осынша ма энергия мен күшті қалай алады десеңізші. Иә, олардың қуат көзі, көз қуанышы, ол – балалар. Балалардың шынайы күлкісі, алғысы «Жастар» педагогикалық тобына жұмысына деген шынайы махаббат пен жаңа леп сыйлайды. 
Олар мықты, біліктіліктері мұғалім, өздері көшбасшы, психолог, актер, режиссер, биші. Өздері ересек болғанымен, жүректері баланікіндей. Демалыс кезінде балаға – бауыр, аға, әпке, ата-ана, керек кезде досың. 2002 жылғы қараша айының 27-ші жұлдызында құрылған «Жастар» педагогикалық тобының құрамында қазіргі таңда еліміздің әр өңірінен жиналған дарынды, арманшыл, ниеттері таза, өнерлі, көздерінен жалын көрінетін адамдар жұмыс атқарады. 
Мақсаттары анық, қадамдары нық, көздері оттай, өздері шоқтай, М. Жұмабаев айтпақшы: «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты» - «Жастар» педагогикалық тобы. Екі сөзінің бірі баланың қуанышы, таңын бала деп атырып, кешін бала үшін батыратын ұйымшыл жанұя. Армандары асқақ, талаптары таудай – бұл «Жастар». 

Қонаев қаласы,
«Балдәурен» РОСО баспасөз хатшысы:
Сатымхан Айжан Бекмұратқызы

 

 

 

 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner