«Балдәурен» РОСО-ның 20 жылдығына арналған 
«Балдәурен - Тәуелсіздік жемісі» 
 балалар мен жасөспірімдердің әдеби -шығармашылығының 
республикалық қашықтық байқауын өткізу туралы 
Ереже 
1.04 - 22.04.2022 ж.
 
1. Жалпы ережелер
1.1. «Балдәурен» РОСО-ның 20 жылдығына арналған «Балдәурен - Тәуелсіздік жемісі» балалар мен жасөспірімдердің әдеби-шығармашылығының Республикалық қашықтықтан өткізілетін байқауы (әрі қарай - Байқау) жалпы білім беретін мектеп оқушыларының әлеуметтік мәртебесі мен шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында өткізіледі. 
 
2. Байқау міндеттері
 
2.1. Өскелең ұрпақ арасында әдеби шығармашылықты насихаттауды жандандыру;
2.2. Мектеп оқушыларын әдеби шығармашылыққа баулу;
2.3. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін және цифрлық сауаттылығын ашу.
 
3. Байқау қатысушылары
 
3.1. Байқауға қатысу тегін.
3.2. Байқауға жалпы білім беретін мектептердің 5-9 сынып оқушылары, әр жылдағы   
       балдәурендіктер қатысады.
3.3. Байқауға жеке және жұптық жұмыс қабылданады.
3.4. Байқауға  қатысушы бір жұмыс жібереді.
 
4. Байқау жұмысының мазмұнына қойылатын талаптар
4.1. Жұмыс Байқаудың тақырыбына сәйкес келуі керек. 
4.2. Байқау номинациялары:
1. Поэзия. «Балдәуренге - 20 жыл!» авторлық өлең шығармасын мәнерлеп оқу; 
2. «Балдәурендегі   бақытты күндерім» эссе жазу. 
3. «Балдәурен - менің жүрегімде»  авторлық ән орындау.
4.3. Барлық жұмыстар толық немесе ішінара плагиат элементтерін қамтымайтын  
       авторлық өнім ретінде ұсынылады.
4.4. Авторлық жұмыстың - автордың толық аты-жөні, жұмыс атауы, мекен -жайы   
      ұсынылуы керек.
 
5. Жұмыстарға қойылатын талаптар, бағалау критерийлері
5.1. Байқау жұмыстары үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) ұсынылады.
5.2. Поэзия «Балдәуренге - 20 жыл!» авторлық өлең, өз шығармасын мәнерлеп оқу. Жұмысты бағалау кезінде келесі критерийлер ескеріледі: жұмыстың мазмұны мен мәнерлілігі, жұмыс бейнеролик түрінде, электронды форматта жіберілуі керек.
 Эссе жазу барысында келесі талаптарды ескеру керек: 
- Парақ форматы - А4;
- өлшемі 14, шрифт түрі - Times New Roman, жоларалық интервал - 1,0 (бірлік);
- жиектері: сол жағы 3 см, үстіңгі және төменгі жағы - 2 см, оң жағы - 1,5 см;
- құрылымы: кіріспе - негізгі бөлім - қорытынды;
- Байқау тақырыбының  атауы - оң жақта;
- тақырып: беттің ортасында (оң жақта тақырыптың астында автордың аты-жөні).
Жұмыс электронды түрде ұсынылуы керек: Word форматындағы файл. Көрсетілген талаптарға сай келмейтін жұмыстар Байқауға қатысуға жіберілмейді.
5.3. «Балдәурендегі   бақытты күндерім» тақырыбына эссе жазу.  Жұмысты бағалау кезінде келесі критерийлер ескеріледі: мазмұнының берілген тақырыпқа сәйкестігі, жазу сауаттылығы, логикалық және дәйекті  ойларды ұсыну.
5.4. «Балдәурен - менің жүрегімде» авторлық ән өз орындауында. Жұмысты бағалау кезінде келесі критерийлер ескеріледі: орындалатын әннің көркемдік бейнесін іске асырудың интонациялық дәлдігі, жарықтығы, әртістік және сахналық мәдениеттің деңгейі. Өз орындауындағы әннің видеосы ұсынылуы керек.
5.5. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін жұмыстар Байқауға қатысуға жіберілмейді.
5.6. Бейнематериалдың техникалық сипаттамалары:
- минималды өлшем (720x480) арақатынасы (16:9);
- пішімі mp4.;
- бейнематериалдың уақыты: 2-3 минутқа дейін.
 
6. Байқау өткізу шарттары
6.1. Жұмыстар 2022 жылдың 1 сәуірінен 22 сәуірге дейін (қоса алғанда) қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кейін алынған жұмыстарды Байқау комиссиясы қарастырмайды.
6.2. Байқаудың жұмыстары орталықтың - baldauren_mektep@mail.ru поштасына жіберіледі.
6.3. Жұмыстарды бағалауды және Байқау жеңімпаздарын анықтауды Байқау жөніндегі сараптама комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүзеге асырады.
6.4. Байқау қорытындысы нәтижесінде әр бағыт бойынша 3 жүлделі орын 
(І, ІІ, және ІІІ орындар) анықталады. 
6.5. Байқау жеңімпаздары І, ІІ, және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
6.6 Барлық қатысушылар Байқауға қатысқанын растайтын электронды сертификат алады.
6.7. Үздік жұмыстар «Балдәурен» РОСО-ның YouTube арнасында орналастырылады.
 
 7. Жобаны басқару
7.1. Байқауды жалпы басқаруды «Балдәурен» РОСО» РМҚК-ның Ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
7.2. Байқау комиссиясының мүшелері жұмысты екі кезеңде қарастырады.
1. Бірінші кезең – іріктеу кезеңі, критерийлерге сәйкес келетін жұмысты  таңдау. 
2. Екінші кезең таңдалған жұмыстарды бағалау мен Байқау жеңімпаздарын анықтаудан тұрады.
3. Байқауды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты барлық сұрақтар бойынша мына телефондары арқылы байланыса аласыздар.
           (8-702-306-23-73,  8-771-372-44-18,  8-701-577-18-99)
 
 8. Байқау қорытындысын шығару.
8.1. Байқауға қатысу үшін оқушы жұмысты белгіленген мерзімде Байқау комиссиясына жібереді. 
8.2. Жұмыстар электронды түрде қабылданады:
 baldauren_mektep@mail.ru электрондық пошта жәшігіне («Балдәурен» РОСО-ның 20 жылдығына арналған «Балдәурен - Тәуелсіздік жемісі» балалар мен жасөспірімдердің әдеби - шығармашылығының республикалық қашықтық байқауын өткізу  тақырыбын көрсету қажет.) 
8.3. Байқауға жіберілген жұмыстар қайтарылмайды.
8.4. Әрбір жұмысты Байқау комиссияның кемінде 3 мүшесі - жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары мен «Балдәурен» РОСО-ның мұғалімдер құрамы тексереді.
8.5. Байқау жеңімпаздарын іріктеу, берілген критерийлер бойынша 5 ұпай санымен    бағаланады. (1-қосымша).
8.6. Байқаудың нәтижелері туралы шешімді арнайы комиссия сараптап, жұмыстар жалпы ұпай саны бойынша бағаланады.
8.7. Сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша Байқау жеңімпаздары - І, ІІ, және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
8.8. Байқау жеңімпаздарына электронды поштаға дипломдар мен сертификаттар  жіберіледі.
8.9. Жеңімпаздар өз шығармаларын «Балдәурен - Тәуелсіздік жемісі»  балалар мен жасөспірімдердің әдеби-шығармашылығының Республикалық қашықтықтан өткізілетін Байқауының материалдар жинағында жариялау құқығын алады.
8.10. Байқау қорытындысы  www.baldauren.kz  сайтында 2022 жылдың 29 сәуірінде жарияланады.
 

 

Қосымша 1

 

Қатысушылардың жұмыс сапасын бағалау критерийлері

 

Бағалау критерийлері

Ұпай саны

1

2

3

4

5

1.

 Ұсынылған жұмыстың өзіндік ерекшелігі

 

 

 

 

 

2.

 Көпшілік алдында сөйлеу және өзін ұстау  мәдениеті

 

 

 

 

 

3.

 Шығармашылық тәжірибені ұсынуы

 

 

 

 

 

4.

 Жұмыстың мазмұны және ақпараттылығы

 

 

 

 

 

5.

Бейнероликтің  безендіру сапасы және эстетикасы

 

 

 

 

 

 

Қосымша 2

 

ӨТІНІШ

«Балдәурен» РОСО-ның 20 жылдығына арналған

«Балдәурен - Тәуелсіздік жемісі»

 балалар мен жасөспірімдердің әдеби -шығармашылығының

республикалық қашықтық байқауына  қатысу

1.04 - 22.04.2022 ж.

1. Тегі, аты, әкесінің аты

 

2. Сынып

 

3. Оқу тілі

 

4. Білім беру мекемесінің атауы

 

5. Білім беру мекемесінің мекен жайы (облыс, аудан, ауыл)

 

6. Байқау тақырыбы

 

7. Электрондық пошта

 

8. Байланыс телефоны

 

 

Күні:                                                                                Қолы ________


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner