«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2022 жылдың 2-ауысымының «Болашақ іргетасы» мектеп парламентінің, өзін-өзі басқару органы көшбасшыларының кездесуі» атты салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауысымға қатысушылар бұл оқиғаны асыға күтті. Ауысым 13-ші ақпан мен 04-ші наурыз аралығында өтеді.
Ауысым қатысушылары: Мектеп парламентінің, мектептің өзін – өзі басқару органдарының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымның белсенділері.
Ауысымның мақсаты: қоғамдық пайдалы шараларға белсенді араластыру арқылы ауысымға қатысушылардың көшбасшылық және шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін оларға жағдай жасау.
Ауысым аясында мемлекеттік рәміздерді қабылдаудың 30 жылдығына арналған «ҚР Мемлекеттік рәміздері қазақстандық патриотизмді қалыптастыру факторы ретінде» тақырыбында онлайн-конференция өтеді. Ауысымға қатысушылар үшін шығармашылық конкурстар, әдеби-музыкалық кеш, зияткерлік-танымдық ойындар және т. б. іс-шаралар жоспарланған.