Міне, қоштасар сәт те таянды. «Балдәуренде» мектептің өзін – өзі басқару органдарының көшбасшылары мен белсенділерінің басын құраған 2023 жылдың «Біз Жаңа Қазақстан үшін!» республикалық көшбасшылар мектебі» атты кезекті 2-ауысымы да аяқталды.
Ауысымның салтанатты жабылуында іс-шараларға белсенді қатысқан үздік топтар өкілдері мен өзін-өзі басқару органның мүшелері марапатталды. Өзінің өмірлік белсенді ұстанымын дәлелдеген ауысым қатысушылары қазақстандық жас патриоттар Академиясының мүшелігіне қабылданды.
Салтанатты рәсім барысында балалар патриотизмді қалыптастыратын ауысым тақырыбы бойынша өткен барлық іс-шараларды естеріне түсірді.