Ақпанның төртінші жұлдызы Орталығымызда «Біз Жаңа Қазақстан үшін!» республикалық көшбасшылар мектебі» атты 2023 жылдың 2-ауысымның ашылу салтанаты өтті. 
Ауысымның басты мақсаты- оқушыларды толыққанды демалу, сауықтыру, олардың жеке әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, оларды әртүрлі жастағы ұжымға алуантүрлі әлеуметтік маңызды және жеке тартымды іс-шараларға қосу арқылы тәрбиеленушілердің азаматтық-қоғамдық және коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ету.
Ауысым мектептің өзін – өзі басқару органдарының көшбасшылары мен белсенділерінің басын біріктірді. Бағдарлама аясында оқушыларға: «Вожатый и я – спортивные друзья» командалық эстафеталық ойыны, «Happy day!» туған күн иелеріне арналған кеш, «Елжанды жастар» әдеби-танымдық кеш, «Ертегілер әлемінде» театр қойылымдарының байқауы және тағы да өзге іс-шаралар жоспарланған. Бұл ауысым оқушылар үшін қызықты әрі танымдық өтеріне сенеміз.

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner