«Болашақ іргетасы» мектеп парламентінің, өзін-өзі басқару органы көшбасшыларының кездесуі» атты 2022 жылғы, 2-ауысымның 
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(13.02-04.03.2022ж.)
 
        ҚР БҒМ бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 13-ші ақпан мен 04-ші наурыз аралығында «Болашақ іргетасы» мектеп парламентінің, өзін-өзі басқару органы көшбасшыларының кездесуі» атты 2-ауысымын өткізеді.
 
Ауысым қатысушылары: Мектеп парламентінің, мектептің өзін – өзі басқару органдарының «Жас Ұлан»  бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымның белсенділері.  
 
Ауысымның мақсаты: қоғамдық пайдалы шараларға белсенді араластыру арқылы ауысымға қатысушылардың көшбасшылық және шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін оларға жағдай жасау.
 
Ауысым міндеттері: 
• ауысым қатысушыларының белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, шығармашылық пен бастамашыл, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиеттерді дамыту;
• ауысым ішінде әр түрлі қызмет түрлеріне қатыстыру арқылы оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту; 
• балаларды қазақстандық патриотизмге және ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
 
Ауысым бағдарламасында:
 
1. «Достық элементі – Балдәурен!» топ визиткаларын қорғау кеші; 
2. 2 ауысымның президентіне үміткерлермен танысу;
3. 2022 жылдың 2-ші ауысымының салтанатты ашылуы және жабылу рәсімі; 
4. «Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші;
5. «Bright stars» шығармашылық байқауы;
6. «Lider TIME» байқауы;
7. «Интеллект» зияткерлік ойыны;
8. «Саған сыйлар сыйлығым...!» туған күн иелеріне арналған кеш;
9. «Дәлме - дәл» пародия байқауы;
10. Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толуына арналған «ҚР Мемлекеттік рәміздері қазақстандық патриотизмді қалыптастыру факторы ретінде» Қазақстандық жас патриоттардың Академия күні;
11. «Қазақ халқының ұлы биі» Қазыбек бидің 355-жылдығына арналған әдеби-сазды кеш;
12. «Олимпия» СМ;
13. «Битва хоров» музыкалық байқауы;
14. «Балдәурен мәңгі жүрегімде» гала- концерт.
 
 
2022 жылдың 2 ауысымының салтанатты ашылуы 16 ақпан күні сағ.16.30-да
   2022 жылдың 2 ауысымының салтанатты жабылуы 04 наурыз күні сағ.16.30-де
 
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
телефон/факс: 8 (71636) 79-1-34 (қабылдау бөлмесі) е-mail: baldauren@mail.ru

 

 
 
 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner