«Жаңа жылдық оттардың сиқыры» жас таланттар фестивалі» 
2021-жылғы 16 ауысымының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(01.12-20.12.2021ж.)

ҚР БҒМ бекіткен, 2021 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық   оқу-сауықтыру орталығы 1-20 желтоқсан аралығында «Жаңа жылдық  оттардың сиқыры» жас таланттар фестивалі» атты 16-ауысымын өткізеді.
Ауысым қатысушылары: Халықаралық, республикалық, облыстық байқаулар мен фестивальдардың лауреаттары, дипломанттары, жас әншілер, бишілер, халық орындаушылары, шығармашылық ұжымдар, оқу озаттары, шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары
Ауысымның мақсаты: вокалдық, би және театр шығармашылығы құралдарымен ауысымға қатысушылардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау.
Міндеттері: 
• қазақстандық патриотизмнің ұлттық сана-сезімінің өсуіне ықпал ететін Тәуелсіз Қазақстанның тарихына, мәдениеті мен дәстүрлеріне қызығушылықты арттыру; 
• ауысымға қатысушылардың зияткерлік, шығармашылық мүмкіндіктері мен көшбасшылық қасиеттерін ашуға бағытталған шығармашылық қызмет түрлеріне тарту;
• жаңа жылдық мерекенің эмоционалды жағымды атмосферасын құру.

Ауысым бағдарламасында:
1. «Балдәуренде жаңа жылда жаңа достар!» топ визиткасын қорғау кеші;
2. 2021 жылғы 16 ауысымның салтанатты ашылу және жабылу рәсімдері;
3. «Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші;
4. «Намыс дода» спорттық – сауықтыру танымдық ойыны;
5. «Музыкальная интуиция» шоу кеші;
6. «Олимпия» СМ;
7. «Балдәуренге 19 жыл» мерекелік концерт;
8. «Тұғыры биік – Тәуелсіздік!» тарихи – танымдық кеш;
9. «Қазақстан – Ерікті ел!» ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт; 
10. «Солтүстік полюстегі қызықтар» жаңа жылдық қойылым; 
11. «Goodbye, Baldauren» гала-концерт.

2021 жылдың 16 ауысымының салтанатты ашылуы 04 желтоқсан күні сағ.16.30.
 2021 жылдың 16 ауысымының салтанатты жабылуы 18 желтоқсан күні сағ.16.30.

Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен», РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі. 
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
e-mail: baldauren@mail.ru 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner