Туған күніңмен, Балдәурен!» жаңа жылдық карнавалы» атты 2022 жылғы 15-ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
       (04.12-23.12.2022ж.)
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы 4-23 желтоқсан аралығында «Туған күніңмен, Балдәурен!» жаңа жылдық карнавалы» атты 15-ауысымын өткізеді.
 
Ауысым қатысушылары: Халықаралық, республикалық, облыстық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары, дипломанттары, жас әншілер, би ұжымдары, халық орындаушылары, шығармашылық ұжымдар, шығармашылық сайыстардың жеңімпаздары.
Ауысымның мақсаты: ең қабілетті, шығармашыл дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау мен дамытуды қамтамасыз ету, мерекелік атмосфера құру.
Ауысым міндеттері:
• ауысым қатысушыларына ұйымдастырылған демалыс пен шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
• қарым-қатынас дағдыларын, ұжымда жұмыс істей білуді, көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру;
• патриотизмге, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
 
Ауысым бағдарламасында:
1. 2022 жылдың 15-ауысымының президентінің үміткерлермен танысу;
2. «Балдәуренде жаңа жылда, жаңа достар!» топ визиткасын қорғау кеші;
3. 2022 жылдың 15-ауысымының салтанатты ашылуы және жабылу рәсімі; 
4. «Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші;
5. «Олимпия» СМ;
6. «Музыкальная интуиция» шоу кеші;
7. «Туған күніңмен, арман аралы «Балдәурен!» мерекенің концерттік бағдарламасы;
8. «Тұғыры биік – Тәуелсіздік!» тарихи-танымдық кеш;
9. «Тәуелсіз елім, көрікті жерім» қабырға газет байқауы;
10. «Қазақстан – Ерікті ел!» ҚР Тәуелсіздігіне арналған концерт;
11. «Happy Birhday!» туған күн иелеріне арналған кеш;
12. «Dance Crew» би марафоны;
13. «Гүлдене бер, бақытты мекен – «Балдәурен» гала-концерт.
 
2022 жылдың 15-ауысымының салтанатты ашылуы 7 желтоқсан күні сағ.16.30-да
2022 жылдың 15-ауысымының салтанатты жабылуы 21 желтоқсан күні сағ.16.30-да
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru
 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner