12-қараша «Балдәурен» РОСО-да «Жаса, жайна, Тәуелсіз Қазақстан» ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстанның жас патриоттары мен көшбасшыларының жиыны» және «PRO.INFOBaldauren-2021» мектеп БАҚ медиафорумы атты 2021 жылдың 15-ауысымы салтанатты түрде ашылды. Ағымдағы ауысымның басты мақсаты: Қатысушылардың бойында патриоттық сезімді ояту, өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды насихаттау болып табылады. 15-ауысымға Қазақстан Республикасының әр аймағының үздік балалары жиналып отыр. Бұл ауысым естен кестпес ерекше, қатысушыларға берері мол, танымдық әрі қызықты ауысым боларына сенімдіміз.