2022 жылдың 14 қараша күні 14-ауысымның ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты барлық қызықты сәттердің бастамасы болып табылады. Іс-шара балаларды ауысым тақырыбымен таныстыратын прологтан бастау алды.
Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми жобалар байқауларының, «Зерде» ғылыми жоба сайысының, пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары мен оқу және қоғамдық жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, белсенді көшбасшылық позицияны ұстанатын, педагогикалық қызметпен айналысуға талаптанған оқушылар 14-ауысымның қатысушыларына айналды.
Оқушылар бұл іс-шарада да өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, театрландырылған прологта әртіс, әнші және бандамашы ретінде танылды. Ашылу салтанаты әр қатысушы үшін алға жетелейтін түрткі болғаны сөзсіз. 
14-ауысымның қатысушыларын Бас директордық ОТЖ орынбасары Амиргалиев Ж.Қ қарсы алып, ауысым барысында адал достық, жетістіктер мен жақсы демалыс тіледі. 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner