2021 жылдың 14 ауысымы
«Кел, балалар оқылық...» 
Ы.Алтынсариннің 180 – жылдығына арналған ақындар мен мәнерлеп оқу шеберлерінің       
Республикалық кездесуі
(18.10-06.11.2021ж.)
Баспасөз хабарламасы
 
ҚР БжҒМ 2021 жылға бекіткен Жоспар-кестесіне сәйкес «Балдаурен» Республикалық оқу-   
сауықтыру орталығы 20 қазаннан - 6 қараша аралығында «Кел, балалар оқылық...»   
Ы.Алтынсариннің 180 – жылдығына арналған ақындар мен мәнерлеп оқу шеберлерінің  
Республикалық кездесуі» атты 14 ауысымын өткізеді. 
Ауысым қатысушылары: 5-7 сынып оқушылары: оқу озаттары, ақындық байқаулардың жеңімпаздары, жас ақындар, жазушылар, эсселер мен шығармашылық сайыстар жеңімпаздары.
Ауысым мақсаты: оқушылардың Ы. Алтынсарин шығармашылығына қызығушылығын ояту, рухани мәдениетті, патриоттық тәрбиені арттыру, сонымен қатар сөйлеу тілін дамыту және көркем сөзге деген қызығушылықты қалыптастыру, поэтикалық сөздің сұлулығы мен көркем ой әсерлілігін сезіну қабілетін дамыту.
Ауысым міндеттері: 
• оқушыларды Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру;
• Ы.Алтынсарин шығармалары негізінде көркемдік талғам мен эстетикалық, этикалық идеяларды дамыту;
• қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, білімге ұмтылуға жәрдемдесу.
Ауысым бағдарламасында:
• 2021 жылдың 14 ауысымының салтанатты түрде ашылуы мен жабылуы;
• «Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші;
• 14 ауысымның президентіне үміткерлермен танысу;
• «Мен, сен, бәріміз!» отряд визиткасын қорғау кеші;
• «The world of creativity» шығармашылық байқауы;
• «Стартинейджер» би байқауы;
• «Бизнес - сити» экономикалық ойыны;
• «5-9» зияткерлік шоу;
• «Show Today» зияткерлік ойын;
• «Олимпия» СМ;
• «Happy B’Day!» туған күн иелеріне арналған кеш;
• «Менің елім, менің жерім!» ҚР  Тәуелсіздігіннің 30 жылдығына арналған патриоттық әндер    
байқауы;
• «МультКино – по нашему» бейнеролик байқауы;
• «Ұлы даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин» 180 жылдығына арналған әдеби     
сазды кеш;
• «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» бекет бойынша ойын;
• Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Қалам қаласы» авторлық өлендер байқауы;
• «Baldauren in memory» гала-концерт.
 
2021 жылғы 21 қазан күні  сағат 16.30-да. ауысымның салтанатты ашылуы
   2021 жылғы 4 қараша күні  сағат 16.30-да. ауысымның салтанатты жабылуы
 
«Балдәурен» РОСО РМҚК 
Біздің мекен-жайымыз: Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі. 
Индекс: 021700
телефон/факс 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) Е-mail: baldauren@mail.ru 

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner