«Дебат қозғалысы» 
Республикалық жас пікір-сайысшылар 
командаларының жиыны 
2023 жылғы 13-ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
((27.09-16.10.2023 ж.)
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 27 қыркүйек пен 16 қазан аралығында «Дебат қозғалысы» Республикалық жас пікір-сайысшылар  командаларының жиыны» атты 13-ауысым өтеді.
 
Ауысым қатысушылары: Дебатерлер, мектеп парламентінің, өзін-өзі басқару органдарының өкілдері.
 
Ауысым мақсаты: ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, белсенді азаматтық (өмірлік) позициясын қалыптастыру және жүзеге асыру арқылы ауысымға қатысушылардың шығармашылық даралығын және көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
 
Ауысым міндеттері: 
• ауысымға қатысушылардың сыни ойлауын, эмоционалдық интеллектісін қалыптастыру, білімін тереңдету, ой-өрісін кеңейту;
• көшбасшылық қасиеттерді дамыту, өз көзқарасын тиімді қорғай білу, диалог мәдениетін қалыптастыру, қарсыласпен көпшілік алдында пікірталас жүргізу қабілетін дамыту;
• отансүйгіштікке тәрбиелеу, белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
 
Ауысым бағдарламасында:
1. «Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын» топ визиткасын қорғау кеші;
2. 2023 жылдың 13-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
3. 2023 жылдың 13-ауысымның ашылу салтанаты; 
4. «Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші;
5. «Тапқыр достар» зияткерлік ойыны;
6. Пікірсайыс турнирі;
7. «Олимпия» спорттық мерекесі;
8. «Sing and Play» музыкалық ойындар байқауы;
9. TEDx форматта ой қозғау;
10. «Жаңа жасыңмен, балақай» туған күн иелеріне арналған кеш;
11. «Autumn BALL» күзгі бал кеші;
12. 2023 жылдың 13-ауысымының салтанатты жабылуы және гала концерт.
 
2023 жылдың 13-ауысымының салтанатты ашылуы 30 қыркүйек күні сағ.16.30-да.
2023 жылдың 13-ауысымының салтанатты жабылуы 14 қазан күні сағ.16.30-да.
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен», РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner