«Әрекет уақыты!» мектеп көшбасшылары мен дебатерлердің
Республикалық слеті» атты 2022 жылғы 13-ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(20.10 - 08.11.2022ж.)
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 20 қазан мен 8 қараша аралығында «Әрекет уақыты!» мектеп  көшбасшылары мен дебатерлердің Республикалық слеті»  атты 13-ауысымын өткізеді.
 
Ауысым қатысушылары: мектептегі өзін-өзі басқару органдарының көшбасшылары мен мүшелері, республикалық, облыстық, аудандық пікірсайыс турнирлерінің жеңімпаздары, мектептегі пікірсайыс клубтарының қатысушылары.
 
Ауысым мақсаты: ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, белсенді азаматтық (өмірлік) ұстанымды қалыптастыру және іске асыру арқылы ауысымға қатысушылардың шығармашылық даралығы мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
 
Ауысым міндеттері: 
• сыни ойлауды, эмоционалды зияткерлікті қалыптастыру, білімді тереңдету, ауысымға қатысушылардың ой-өрісін кеңейту;
• көшбасшылық қасиеттерді дамыту, өз көзқарасын тиімді қорғай білу, диалог мәдениетін қалыптастыру, қарсыласпен көпшілік алдында пікірталас жүргізу қабілетін дамыту;
• патриотизмге тәрбиелеу, белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
 
Ауысым бағдарламасында:
 
1. «Сәлем саған, мектебім, Сәлем білім ордасы» мектептің салтанатты ашылуы;
2. «Балалар арманы – Балдәурен!» топ визиткасын қорғау кеші;
3. «Қазіргі әлемдегі пікірсайыс өзектілігі» шеберлік сыныбы;
4. 2022 жылдың 13-ауысымының президентіне үміткерлермен танысу;
5. Линкольн-Дуглас форматындағы жобалық кеңсе сарапшылары арасындағы пікірсайыс;
6. «Ел іші, өнер кеніші» шығармашылық  байқауы;
7. 2022 жылдың 13-ауысымының салтанатты ашылуы және жабылу рәсімі; 
8. «Біз Қазақстанның болашағымыз» патриоттық акциясы;
9. «Tik Tok Dance Battle» би байқауы;
10. «Олимпия» СМ;
11. «Voice Over» дыбастау байқауы;
12. «Дәлме Дәл» пародия байқауы;
13. Қазақстан республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған кеш;
14. «Туған күніңмен!» туған күн иелеріне арналған кеш;
15. «Балдәурен көп ұлтты» спорттық-интеллектуалдық ойыны;
16. «Бақытты мекен – «Балдәурен» гала-концерт.
 
2022 жылдың 13-ауысымының салтанатты ашылуы 25 қазан күні сағ.11.00-де
2022 жылдың 13-ауысымының салтанатты жабылуы 6 қараша күні сағ.12.00-де
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru
 
 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner