«Форсайт – жас ғалымдардың «Қазақстанның болашағына көзқарас» сессиясы» атты 2022 жылғы 12-ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(28.09-17.10.2022ж.)
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 28 қыркүйек пен 17 қазан аралығында «Форсайт – жас ғалымдардың «Қазақстанның болашағына көзқарас» сессиясы» атты 12-ауысымын өткізеді.
 
Ауысым қатысушылары: Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша ғылыми және зерттеу жобаларының, пәндік олипиадалардың жеңімпаздары мен қатысушылары.
 
Ауысымның мақсаты: Ауысымға қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-зертеу әрекетке қызығушылықтарын анықтап, одан әрі интеллектуалдық дамуы бағыт алуы үшін қолайлы жағдай жасау.
 
Ауысым міндеттері:
• оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;
• қатысушылар бойында жоғары патриоттық түйсікті – өз Отанына шын берілу, өзінің азаматтық парызын орындауға деген патриоттық сезімін ояту;
• оқушыларды өзіндік жұмыс әдісіне, тәуелсіз ойлауды дамыту үшін қажетті зияткерлік тәртіпке, дербес және шығармашылық ойлау қабілетіне үйрету;
• ауысымды іске асыру процесіне қосу арқылы әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілікті қалыптастыру.
 
Ауысым бағдарламасында:
1. «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» мектептің салтанатты ашылуы;
2. «Лидер – бұл мен!» 2022 жылдың 12-ауысымының президентіне үміткерлермен танысу;
3. «Look at the world of friends» топ визиткасын қорғау кеші;
4. 2022 жылдың 12-ауысымының салтанатты ашылуы және жабылу рәсімі; 
5. «Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші;
6. «Ең үздік отряд бөлмесі» байқауы;
7. «Talent TIME» шығармашылық байқауы;
8. «Балдаурен – көп ұлтты» спорттық-танымдық ойыны;
9. «Future KZ» педагогикалық вернисаж;
10. «Қазақстанның болашағына көзқарас» қабырға газет байқауы;
11. «Future CAMP» жас ғалымдардан проект;
12. «Олимпия» СМ;
13. «DANCE palette» би марафоны;
14. «Sweet BIRTHDAY to you» туған күн иелеріне арналған кеш;
15. «Мен өнертапқышпын» инновациялық идеялар алаңы;
16. «Autumn BALL» күзгі бал;
17. «Әлемді өзгерткен жаңалықтар» ғылыми-танымдық кеш;
18. «Гүлдене бер, бақытты мекен – «Балдәурен» гала-концерт.
 
2022 жылдың 12-ауысымының салтанатты ашылуы 1 қазан күні сағ.12.00-де
2022 жылдың 12-ауысымының салтанатты жабылуы 15 қазан күні сағ.12.00-де
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru
 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner