Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған 
«Мен жасарға сенемін» атты республикалық мәнерлеп оқу байқауы
«Тіл – адамның ең жақсы тәрбиешісі» 
атты лнгвистикалық жаңалықтар зертханасы
2023 жылғы 12-ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(04.09-23.09.2023ж.)
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 4-23 қыркүйек аралығында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мен жастарға сенемін» атты республикалық мәнерлеп оқу байқауы және «Тіл – адамның ең жақсы тәрбиешісі» атты лингвистикалық жаңалықтар зертханасы атты қосарланған 12-ауысым өтеді.
 
Ауысым қатысушылары: Абай, Махамбет, Шәкәрім, Мағжан, Мұқағали оқуларының жеңімпаздары, жас лингвистер мен халықаралық, республикалық, облыстық қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен жеңімпаздар.
 
Ауысым мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың ұлтжанды, азамат, ақын, ойшыл ретіндегі маңызы туралы балалардың түсініктерін кеңейту, сондай-ақ білім алушылардың тілдерді үйренуге, оқушыларды жазу және тіл білімі тарихына баулуға тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.
 
Ауысым міндеттері: 
• гуманистік дүниетанымын, ұлттық болмысын, азаматтық, патриоттық сезімдерін, әдебиетке және ұлттық мәдениет құндылықтарына деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру;
• жеке тұлғаның қабілеттеріне, қоғамдық және жеке мүдделеріне сәйкес өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, балаға өзін танытуына мүмкіндік беру;
• қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге деген ұмтылысты қалыптастыру;
• оқушыларды шығармашылық ойлау қабілетіне және шәкірт бойындағы талант көзін ашуға, тілін байытуға, қиялын ұштауға және өз бетінше ізденуіне үйрету.
 
Ауысым бағдарламасында:
 
1. « Мен жастарға сенемін» топ визиткасын қорғау кеші;
2. 2023 жылдың 12-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
3. 2023 жылдың 12-ауысымның ашылу салтанаты; 
4. «Жастар» педагогикалық тобымен танысу кеші;
5. «Talant time» шығармашылық байқауы;
6. «Балдәурен – көп ұлтты» спорттық-танымдық ойыны;
7. «Лингвистика – тіл туралы ғылым» педагогикалық вернисаж;
8. «Dance palette» би марафоны;
9. Мағжан  Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған әдеби танымдық кеші;
10. «Олимпия» спорттық мерекесі;
11. «Happy Birthday!» туған күн иелеріне арналған кеш;
12. «Проще простого» линвистикалық интеллектуалды ойыны;
13. 2023 жылдың 12-ауысымының салтанатты жабылуы және гала концерт.
 
2023 жылдың 12-ауысымының салтанатты ашылуы 7 қыркүйек күні сағ.16.30-да.
2023 жылдың 12-ауысымының салтанатты жабылуы 21 қыркүйек күні сағ.16.30-да.
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен», РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru
 
 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner