«М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған 
«Абай жолы – білім жолы» 
әдеби вернисажы»
 атты 2022 жылғы 11-ауысымының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(05-24.09.2022ж.)
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 05-24 қыркүйек аралығында «М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Абай жолы – білім жолы» әдеби вернисажы»
атты 11-ауысым өтеді.
 
Ауысым қатысушылары: Жас жазушылар, ақындар, Абай оқулары және халықаралық, республикалық, облыстық әдеби байқаулардың қатысушылары мен жеңімпаздары.
Ауысымның мақсаты: танымдық іс-әрекеттің негізгі түрі ретінде рухани-адамгершілік тәрбие құралы ретінде оқумен таныстыру арқылы балаларды шығармашылық, интеллектуалдық, әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетке баулу, Мұхтар Әуезовтің ұлтжанды, азамат, ақын, ойшыл ретіндегі маңызы туралы балалардың түсініктерін кеңейту.
Ауысым міндеттері: 
• гуманистік дүниетанымын, ұлттық болмысын, азаматтық, патриоттық сезімдерін, әдебиетке және ұлттық мәдениет құндылықтарына деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру;
• жеке тұлғаның қабілеттеріне, қоғамдық және жеке мүдделеріне сәйкес өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау, балаға өзін танытуына мүмкіндік беру;
• шындық, әділеттілік, мейірімділік, патриотизм, мейірімділік сынды жалпыадамзаттық мораль қағидаларын бекіту;
• ауысымды іске асыру процесіне қосу арқылы әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілікті қалыптастыру.
 
Ауысым бағдарламасында:
 
1. «Сәлем, саған мектебім, Сәлем білім ордасы» атты мектептің ашылу салтанаты;
2. «I am the leader» 2022 жылдың 11-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
3. «Very nice to meet you» отряд визиткасын қорғау кеші;
4. 2022 жылдың 11-ауысымның ашылу салтанаты; 
5. «Жастар» педагогикалық тобының концерті;
6. «Wow, talents!» шығармашылық байқаулар;
7. «STAR-START» дарындылар байқауы;
8. «Интеллект» зияткерлік-танымдық ойыны;
9. «Birthday PARTY» туған күн иелеріне арналған кеш;
10. «Олимпия» СМ;
11. «Абай жолы» романынан үзінді-қойылым» байқауы;
12. Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Абай жолы – білім жолы» әдеби кеші;
13. «Қазақ Швейцариясына саяхат» видеороликтер байқауы;
14. 2022 жылдың 11-ауысымының салтанатты жабылуы;
15. «Гүлдене бер, бақытты мекен – «Балдәурен» гала – концерт.
 
2022 жылдың 11-ауысымының салтанатты ашылуы 08 қыркүйек күні сағ.16.30-да.
2022 жылдың 11-ауысымының салтанатты жабылуы 22 қыркүйек күні сағ.16.30-да.
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен», РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner