«Табыс векторы» оқушылардың республикалық спартакиадасы»
2023 жылғы 11-ауысымның
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(09.08 - 19.08.2023ж.)
 
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2023 жылдың 11-ауысымында «Қазақмыс» корпорациясы қызметкерлерінің балалары демалыспен қамтылады. Қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында «Қазақмыс» корпорациясы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына жалпы саны 1000-нан аса баланы жазғы демалысын тиімді пайдаланумен қамтамасыз етті.
 
Ауысымның мақсаты: балалардың демалуы, денсаулығын нығайту үшін қажетті жағдайлар жасау, олардың жалпы мәдениеті мен салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
 
Ауысым міндеттері: 
• спорттық ойындар, жарыстар және жаттығу сабақтары арқылы балалардың демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру;
• балалардың салауатты өмір салты және спорт тарихы саласындағы білім деңгейін арттыру;
• өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды және өмірге оң көзқарасты қалыптастыру;
• азаматтыққа, патриотизмге, ҚР ұлттық дәстүрлері мен рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
 
Ауысым бағдарламасында:
1. «Достығымыз мәңгі!» топ визиткасын қорғау кеші;
2. 2023 жылдың 11-ауысымының ашылу салтанаты; 
3. «Жастар» педагогикалық тобының концерті;
4. «Олимпия» СМ;
5. «Стоп. Снято!» қысқа-метражды трейлер байқауы;
6. «Сенің туған күніңмен, балақай!» туған күн иелеріне арналған кеш;
7. «SportFest» черлидинг байқауы;
8. 2023 жылдың 11-ауысымының салтанатты жабылуы;
9. 2023 жылдың 11-ауысмының гала – концерті.
 
 
2023 жылдың 11-ауысымының салтанатты ашылуы 11 тамыщ күні сағ.16.30-да.
2023 жылдың 11-ауысымының салтанатты жабылуы 18 тамыз күні сағ.11.30-да.
 
 
 
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен», РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru
 
 

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner