«Men Qazaqpуn» халықаралық құрылтайы/«Біз біргеміз – Қазақстан» Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысушы балалардың республикалық кездесуі
2023 жылғы 10-ауысымның 
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(27.07-10.08.2023 ж.)

ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2023 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ағымдағы жылдың 27 шілдесінен 10 тамызына дейін «Men Qazaqpуn» халықаралық құрылтайы/«Біз біргеміз – Қазақстан» Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысушы балалардың республикалық кездесуі атты қосарланған 10-ауысым өтеді.

Ауысым қатысушылары: Жақын және алыс шет елдердегі қазақ диаспораларының, ұлттық мәдениет өкілдері/Ұлттық мәдени орталықтардың, халық шығармашылық ұжымдарының өкілдері, шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары, әншілер, бишілер.

Ауысым мақсаты: Ауысымға қатысушылардың ұлттық сана-сезімін тілдік және мәдени ортаға енгізу арқылы қазақ халқының мәдени бастауларына тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету/ Ауысым қатысушылардың Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне, этникалық мәдениетіне деген қызығушылығын, құрметін қалыптастыру.

Ауысым міндеттері: 

  • Қазақстан халқының тарихын, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, тілін, мәдениетін білуге мүмкіндік беру;
  • Зият пен мәдениеттің жоғары деңгейі бар тұлғаны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ауысымның әрбір қатысушысына зияткерлік және шығармашылық қабілеттері бойынша өзінің қабілетін іске асыруға мүмкіндік беру;
  • Ауысым қатысушыларында Қазақстан халқының рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу;
  • Қазақстан халқының мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмге, азаматтық сана-сезімге тәрбиелеу;
  • «Бірлігіміз әралуандықта», «Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидаттарының тарату;
  • Қазақстан мәдениетінің алуан түрлілігін білу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жағдайлар жасау.

Ауысым бағдарламасында:

1.«Мекенім - Қазақстан» топ визиткасын қорғау кеші;
2.2023 жылдың 10-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
3.2023 жылдың 10-ауысымның ашылу салтанаты; 
4.«Жастар» педагогикалық тобының концерті;
5.«Балдәурен - бірлік пен татулық елі» спорттық зияткерлік ойын;
6.«Біз өнерлі жастармыз» шығармашылық байқаулар;
7.«Бір шаңырақ астында» қазақ әндер байқауы;
8.«Балдәурен елінің құрылтайы» иллюстративті салт-дәстүрлер көрмесі;
9.«Жаңа жасыңмен, балақай!» туған күн иелерін құттықтау кеші;
10.«Олимпия» спорттық мерекесі;
11.«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасына 300 жыл толуына орай әдеби-музыкалық кеш;
12.«Қазақ ертегілер әлемінде» ертегілер байқауы;
13.2023 жылдың 10-ауысымының салтанатты жабылуы және гала концерт.

2023 жылдың 10-ауысымының салтанатты ашылуы 29 шілде күні сағ.16.30-да.
2023 жылдың 10-ауысымының салтанатты жабылуы 9 тамыз күні сағ.16.30-да.

Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен», РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru

 


Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner