«United by sports!» республикалық спорт эстафетасы»
атты 2022 жылғы, 10-ауысымның 
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(08.08 – 22.08.2022ж.)
 
ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 08-22 тамыз аралығында «United by sports!» республикалық спорт эстафетасы» атты 10-ауысым өтеді.
 
Ауысым қатысушылары: «Президенттік көпсайыс», халықаралық, республикалық, облыстық спорттық жарыстардың жүлдегерлері, «Черлидер» байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары.
Ауысымның мақсаты: балалардың демалуы, денсаулығын нығайту үшін қажетті жағдайлар жасау, олардың жалпы мәдениеті мен салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру.
Ауысым міндеттері: 
  • • спорттық ойындар, жарыстар және жаттығу сабақтары арқылы балалардың демалысын және сауықтырылуын ұйымдастыру;
  • • балалардың салауатты өмір салты және спорт тарихы саласындағы білім деңгейін арттыру;
  • • өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды және өмірге оң көзқарасты қалыптастыру;
  • • азаматтыққа, патриотизмге, ҚР ұлттық дәстүрлері мен рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Ауысым бағдарламасында:
1. «Достық аренасы» отряд визиткасын қорғау кеші;
2. 2022 жылдың 10-ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
3. 2022 жылдың 10-ауысымның ашылу салтанаты; 
4. «Жастар» педагогикалық тобының концерті;
5. «Өнер жолы» шығармашылық байқаулар;
6. «Insta vibe» бекет бойынша ойын;
7. Спорттық жарыстар;
8. «Спорттық жаналықтар» қабырға газет байқауы;
9. «Озвучка» байқауы;
10. «Sport TIME» спорттық-танымдық ойын;
11. «Be happy» туған күн иелеріне арналған кеш;
12. Спорт жұлдыздарымен кездесу;
13. «Sport FEST» чир спорт байқауы;
14. ФотоКвест «PRO_Балдаурен»;
15. 2022 жылдың 10 ауысымының салтанатты жабылуы;
16. «Ұмытылмас сәттер үшін!» гала – концерт.
 
2022 жылдың 10-ауысымының салтанатты ашылуы 11 тамыз күні сағ.16.30-да.
2022 жылдың 10-ауысымының салтанатты жабылуы 21 тамыз күні сағ.12.00-да.
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен», РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner