«Маған ізгілікпен қара…» жаңа жылдық каникул ертегісі
2022-жылғы 1 ауысымының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(20.01-08.02.2022ж.)
 
ҚР БҒМ бекіткен, 2022 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 20-ші қаңтар мен 8-ші ақпан аралығында «Маған ізгілікпен қара…» жаңа жылдық каникул ертегісі» атты 1-ауысымын өткізеді.
Ауысым қатысушылары: Балалар үйлерінің, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының балалары.
Ауысымның мақсаты: балалардың ішкі әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, балаларды әртүрлі, қоғамдық маңызы бар және жеке тартымды қызметке қосу негізінде, негізгі құзыреттерді қалыптастыруға жәрдемдесу.
Міндеттері:
• Шығармашылық қызметке тарту арқылы, ауысымға қатысушылардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау; 
• Тұлғаның коммуникативтік қасиеттерін, толеранттылығын, бір-біріне деген құрметін қалыптастыру.
• Азаматтық сана-сезімді, ұлтжандылықты тәрбиелеу.
 
Ауысым бағдарламасында:
 
1. «Доброе братство лучше богатства!» отряд визиткаларын қорғау кеші; 
2. 1 ауысымның президентіне үміткерлермен танысу;
3. 2022 жылдың 1-ші ауысымының салтанатты ашылуы және жабылу рәсімі; 
4. «Жастар» педагогикалық nобымен танысу кеші;
5. «Минута славы» шығармашылық байқауы;
6. «Тапқыр достар!» зияткерлік-танымдық ойын;
7. «Мейірімділікке толы жүрек!» әдеби-танымдық кеш;
8. «Happy Birthday!» туылған күн иелеріне арналған кеш; 
9. «Твори добро, бро!» әлеуметтік бейнероликтер байқауы; 
10. «Короли фанеры» байқауы;
11. «Бизнес-сити» ойыны;
 
2022 жылдың 1 ауысымының салтанатты ашылуы 23 қаңтар күні сағ.16.30-да 
2022 жылдың 1 ауысымының салтанатты жабылуы 6 ақпан күні сағ.16.30-де
 
Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен», РОСО» РМҚК Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.
Индекс: 021700
телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі) 
Е-mail: baldauren@mail.ru

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner