«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы Бурабай курорттық аймағында орналасқан. Бурабай- Қазақстанның інжу- маржаны. Курорт- адамдарды көз тартарлық сұлу табиғатымен, таза ауасымен, асқар тауларымен баурайды. Бурабай- ашылмаған сырлары көп, аңыздарға бай өлке.

          Әр ауысым сайын балалар үшін Мемлекеттік ұлттық парк аумағына саяхат ұйымдастырылады. Балалар өлкенің тарихымен, қызықты аңыз-әңгімелермен танысып, Көк шығанақтың, Оқжетпес, Үш-қыз, Жұмбақтас, Жеке батыр жартастарының сұлулығын тамашалайды. Сонымен қатар, киелі Абылай хан алаңын аралайды.Саяхаттан балалар көптеген жылы және жарқын естеліктер алады.

Экскурсии Экскурсии

Экскурсии

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner