«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дамуы үшін барлық жағдай жасалған.

Қазіргі уақытта орталықта 6 қосымша білім беру студиясы бар: «3D суреттері» ДҚӨ студиясы, «Фантазия» кесу және тігу студиясы, «Арлекино» театр студиясы, «Жас Шебер» ДҚӨ студиясы, «Радуга» арт -студиясы, «Маяк» робототехника студиясы. Бұл үйірмелер шығармашылық ойлауды, есте сақтауды, өнерге деген сүйіспеншілікті, топта жұмыс жасай білу қабілетін дамытуға көмектеседі.

Үйірмелік іс-шараның негізгі мақсаты-балалар мен жасөспірімдердің жеке тұлғалық әлеуетін, балалардың уақытша бірлестігі жағдайында шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағымды орта құру болып табылады.

Үйірме іс -шараларының бағдарламалары Орталықтың қызметімен байланысты, сондықтан сабақтар ауысымның тақырыптарын ескере отырып реттеледі, бұл балалардың іс -әрекетін әртараптандыруға және ойын түрінде шығармашылық арқылы барлық ауысым қатысушыларын түгел тартуға мүмкіндік береді. Бұл  шығармашылық шеберханалар, станциялардағы ойындар, ауысым тақырыбы бойынша бұқаралық іс -шаралар, ойындар, квест ойындары, әңгімелер, байқаулар, мұнда балалар жеке және топта өз ойын білдіре алады.

Қосымша білім беру мұғалімдері өз жұмысында жобалық оқыту технологиясы, ойын технологиялары, коучинг, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар сияқты жаңа әдістемелік тәсілдерді оқытуда кеңінен қолданады.

Үйірме іс-әрекетінің жаңа бағыттары үнемі енгізіліп отырады: «Пэчворк», «Эко-былғары», «Ниткография», «Мақта ойыншық», «3D суре Пэчворк Пэчворк т». Бұл бағыттар оқушылардың қызығушылығын тудырды және олардың кейбіреулері студияның қызметіне енгізілді.

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner