Галерея туралы ақпарат

2009 жылдың 25 желтоқсанында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өнер галереясы өз жұмысын бастады.Галереяны құру белгілі қазақстандық суретші Зұлқайнар Қожамқұлов пен «Балдәурен» РОСО әкімшілігінің бірлескен жұмысының арқасында мүмкін болды.

Бірлескен қызмет барысында Республикалық оқу-сауықтыру орталығында суретшілердің Республикалық және халықаралық өнер симпозиумдары өтті. Олардың қатысушылары Қазақстанның барлық аймақтарынан, сондай-ақ көршілес елдерден: Ресейден, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан, Әзірбайжаннан үздік өнерпаздар болды. Симпозиумға заманауи мүсіншілер мен қолданбалы өнер шеберлері белсенді қатысты.

Балалар орталығында симпозиумдар өткізу әрбір мәдени қоғамның басым бағыты болып табылатын өскелең ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Балалардың заманауи өнер майталмандарымен араласу мүмкіндігі бар. Симпозиум барысында суретшілер, мүсіншілер балалармен кездесулер өткізіп, шеберлік сабақтарын өткізеді.

2008 жылы республикалық және халықаралық симпозиумдарға қатысушылар өздерінің 40 авторлық жұмыстарын сыйға тартса, 2009 жылы галерея 60-қа жуық жұмыспен толықты. Ал 2010 жылы көркемсурет галереясына 70-тен астам картиналар мен мүсіндер келіп түсті. 2017 жылы галерея әзірбайжандық дарынды суретші Рафаэль Әлиевтің туындыларымен толықты.
         Галереяда белгілі суретшілер: Бақытнұр Бүрдесбеков, Қаржасов Қабдылғалым, Қожамқұлов Зұлқайнар, Құдайбергенов Ержан, Назарқұлов Аманат, Назарқұлов Ерлан, Слекенов Рафаэль, Аманқосов Казым, Бекенов Мұхтар және Қырғыз және Өзбекстан суретшілері: Милиев Заир, Бердикеев Жәнібек, Матураимов Жарғалбайдың жұмыстары ұсынылған.

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner