«Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған

«Менің халқым менен жоғары» жас зерттеушілердің жиыны» атты

2024 жылғы 5-ауысымның

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

(11.04-30.04.2024ж.)

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2024 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы 11 сәуір мен 30 сәуір аралығында «Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған «Менің халқым менен жоғары» жас зерттеушілердің жиыны» атты 5-ауысымын өткізеді.

Ауысым қатысушылары: физика, география, химия, биология пәндер бойынша олимпиада мен ғылыми жоба байқауларының қатысушылары, жеңімпаздары, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.

Ауысымның мақсаты: ғылыми-зерттеу қызметі негізінде балалардың пәндер бойынша ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ету.

Ауысым міндеттері:

  • жаратылыстану бағытындағы пәндерге қызығушылықты дамыту;
  • балаларды зерттеу, зияткерлік және шығармашылық іс-әрекетке тарту;
  • ауысым қатысушыларының адамгершілік-патриоттық тәрбиесін қалыптастыруға ықпал ету.

Ауысым бағдарламасында:

  1. «Жас зерттеушілер кездескен ортада» отряд визиткасын қорғау кеші;
  2. 5 ауысым президентіне үміткерлермен танысу;
  3. 2024 жылғы 5 ауысымның салтанатты ашылуы;
  4. «Zhastar» педагогикалық тобының концерті;
  5. «Шектеусіз шығармашылық» шығармашылық байқауы;
  6. «Пародия-шоу» байқауы;
  7. «Олимпия» СМ;
  8. «Жер – біздің ортақ үйіміз!» үгіт бригадалар байқауы;
  9. «Green energy» инновациялық идеялар алаңы;
  10. «Күш – бірлікте» спорттық-зяткерлік маршруты;
  11. «Қазақ геологиясының жауһар жұлдызы» тарихи-танымдық кеші;
  12. «Қош келдің, жаңа жасым» туған күн иелеріне арналған құттықтау кеші;
  13. «Кім жылдам?» квест-ойыны
  14. 2024 жылдың 5 ауысымының салтанатты жабылуы;
  15. «Гүлдене бер, бақытты мекен – «Балдәурен».

 

 

2024 жылдың 5-ауысымының салтанатты ашылуы 14 сәуір күні сағ.17.00-де

2024 жылдың 5-ауысымының салтанатты жабылуы 28 сәуір күні сағ.11.00-де

 

 

Біздің мекен-жай: 021700, «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.

Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)

Е-mail: baldauren@mail.ru

Біздің серіктестер

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner