1. "Балдәурен" РОСО-ға қалай келуге болады?
"Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығына демалуға және сауықтыруға жолдамаларды ҚР Білім және ғылым министрлігі бөледі. Сондай-ақ біздің орталық оқушылардың демалысын коммерциялық негізде ұйымдастыруға өтінімдер қабылдайды.
2. Орталық қалай жұмыс істейді?
"Балдәурен" РОСО балаларды жыл бойы қабылдайды. Жазғы кезеңде ауысымның ұзақтығы 15 күнді, қалған уақытта 20 күнді құрайды.
3. Жас шектеулері бар ма?
Біздің орталық 10-15 жас аралығындағы оқушыларды қабылдайды.
4. Топ бойынша бөлу қалай жүреді?
Барлық балалар жас ерекшеліктеріне сәйкес 25 баладан аспайтын топтарға бөлінеді.
5. Балаларды тамақтандыру қалай ұйымдастырылады?
Балалар швед үстелі үлгісінде бес мезгілдік кешенді тамақпен қамтамасыз етілген.
6. Медициналық қызметкерлер қалай жұмыс істейді?
Балалар тәулік бойы медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етілген.
7. Орталықта тақырыптық ауысымдар бар ма?
Барлық ауысымдар тақырыптық. Әрбір ауысым ерекше, өйткені біздің орталыққа ерекше балалар келеді. Біз орталығымызға келген әр бала үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға тырысамыз.
8. Балаларға ұялы телефондарды пайдалануға рұқсат етіле ме?
Қиындықтарды болдырмау үшін демалушы балалардың телефондары арнайы сейфте сақталады. Телефондар балаларға дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері беріледі.