2022-2023 оқу жылында «Балаларға тарту болған бақ мекені» - «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында байтақ еліміздің әр түкпірінен келген әр баланы  сауықтандыру, тәрбиелеу мен оқыту үшін барлық жағдай жасалған. Орталық қызметкерлерінің әрқайсысы еліміздің жас ұрпағын оқыту мен тәрбиелеуде өз білімі мен білігін, тәжірибесі мен кәсібилігін, уақытын аяған емес. Орталықтың осындай қызметкерлерінің бірі, білім- кешені. 
Егер бір жылда 16 ауысым болса, соның 12-16 және 1-6 ауысымында оқушылар  білім кешенінде пән мұғалімдерімен бірге әр ауысым сайын орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі- ҚР МЖМБС) бойынша оқуларын жалғастырады. «Балдәурен» РОСО-да 10 жастан 15 жасқа дейінгі (5-9 сынып оқушылары) қабалданады. Сыныптар бойынша бөлу ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен Орталықтың квотасына сәйкес жүргізіледі. Квотада әрбір аймақ бөлінісінде сыныптар мен  оқыту тілі бойынша оқушылардың саны көрсетіледі. Білім кешені мұғалімдері   өз іс-тәжірибелерінде оқытудың жаңа технологиялары мен әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып сабақтарын жүргізеді. Сонымен қатар қосымша Ұлттық құндылықтарымызды заманауи үлгіде енгізу мақсатында келесі  сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырып өткізеді.
Патриоттық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, экологиялық тәрбие, көркем-этетикалық тәрбие.т.б.
 Бүгінгі таңда  бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы: Дүниетаным қабілеті жоғары; 
Дарынды, талантты, өнерпаз; 
Іздемпаз, талапты:
Өз алдына мақсат қоя білу керек;
Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемдік деңгейде айналдыру туралы биік мақсат қойды. Соның бірі - білім саласы. Қазіргі кездегі   ұтымды сабақ өткізу, шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісіндегі  әлемдік бәсекелестіктен  қалыспауымызға мүмкіндік берері сөзсіз.  «Ұлт болашағы-ұстаздың қолында» демек , «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық, еркіндікке ұмтылдық, біз бәрінен бұрын балаларымыз бен  келешек  ұрпақты  жаңа білімнің озық үлгілерімен сусындатуды  қолдадық.
Ендеше, құрметті ұстаздар қауымы  еңбегіміз еш кетпей, бүгінгідей біліммен биікке көтерілейік». Әрқашан ұрпақтарымыз білімді, Отанымыз бай, қуатты  ел болайық...
 
«Балдәурен» РОСО 
Білім кешені
 Сейсен Б
 

Наши партнеры

banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner
banner