«Балдәурен» РОСО 12-14  мамыр аралығы   «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында «Менің Қазақстаным: өткені, бүгіні, болашағы» ғылыми-тарихи жобалардың республикалық  байқауы ұйымдастырылды. Байқау мемлекеттің дамуының тарихи жолын түсінуге бағытталған зерттеу және жобалау жұмыстарына тарту арқылы оқушылардың бойында «Тәуелсіздік және отаншылдық» құндылығын дамыту, азаматтық бірегейлікті, патриотизмді қалыптастыру және Қазақстан Республикасы Егемендігінің құндылықтарын құрметтеу үшін жағдайлар жасау мақсатында өткізілуде.

        Байқаудың міндеттері:

  • Қазақстан Республикасындағы өткен, қазіргі және болашақтағы тарихи оқиғалардың маңыздылығын көрсету;
  • оқушылардың Қазақстан Республикасының Егемендігі тарихы туралы білімдерін тереңдету;
  • жас зерттеушілердің жобалық жұмыстарын насихаттау және үздік жобаларды анықтау.

 Байқауға қатысушылар: барлық типтегі жалпы білім беретін мектептердің

8-10 сынып оқушылары.


Наши партнеры

banner
banner
banner
banner
banner
banner