ҚР Оқу-ағарту министрлігі бекіткен, 2026 жылға арналған жоспар – кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 31 қаңтар - 19 ақпан аралығында «Еліміздің болашағы – жас патриоттар» Республикалық жас көшбасшылар слеті» атты 2-ауысым өтеді.

Ауысым қатысушылары: Мектеп өзін-өзі басқару органдарының белсенділері, балалар қозғалысының көшбасшылары, оқу озаттары, ҚР ҚК әскери қызметкерлері мен қызметшілерінің балалары.

Ауысымның мақсаты: Ауысымға қатысушылардың азаматтық-патриоттық санасын, көшбасшылық қасиеттерін және белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.

Ауысым міндеттері:

Ауысым бағдарламасында:

  1. «Qyzyq games» танысу кеші;
  2. «QADAM» өзін-өзі басқару ұйымының президенттігіне үміткерлерімен танысу;
  3. «Мәңгілік елдің жас көшбасшылары» атты отряд визиткасын қорғау кеші;
  4. «Zhastar aleminde» «Жастар» педагогикалық отрядының концерті;
  5.  «Creative energy» шығармашылық байқауы;
  6.  «Тарих сақшылары» азаматтық-патриоттық тәрбие бойынша аялдамалық ойын;
  7. «Олимпия» СМ;
  8. М.Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жүректе – Отан, жырда - Мұқағали» атты

орталық филиалдарының ауысым қатысушылары арасында челлендж;

  1. «Қыран елім - Қазақстан» патриоттық әндер байқауы;
  2. «Жас көшбасшылар: елге қызмет жолындағы қадам» атты орталық филиалдарының өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің кездесуі;
  3. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін...» М.Мақатаевтың 95 жылдығына арналған әдеби-   сазды кеш;
  4. «Кештің басты жұлдызы – Сен!» туған күн иелерін құттықтау кеші;
  5. «Балдәурен» - көп-ұлтты» спорттық-интеллектуалдық ойыны;
  6. «Қазақстан – бір әуен» дыбыстық шум оркестр байқауы;
  7. «Baldauren Talks» ток шоуы;
  8. «Жүрек төріндегі Балдәурен» гала-концерт.

 

2026 жылдың 2-ауысымының салтанатты ашылуы 3 ақпан күні сағ.16.30-да.

2026 жылдың 2-ауысымының салтанатты жабылуы 17 ақпан күні сағ.17.00-де.

 

Біздің мекен жай: 021700, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, «Балдәурен» РОСО» РМҚК, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі.

Телефон/факс: 8 (71636) 7-91-34 (қабылдау бөлмесі)

Е-mail: baldauren@mail.ru


Our partners

banner
banner
banner
banner
banner
banner